Жаңалықтар

Сарапшы: 7 жылдық президенттік мерзім - саясаттағы үнемді басқару құралы

Президентті қайта қатарынан ұсыну мүмкіндігінсіз сайлау – екі мәрте сайлауға қарағанда бірнеше артықшылыққа ие.
Сарапшы: 7 жылдық президенттік мерзім - саясаттағы үнемді басқару құралы
Фото: ҚЗСИ 07.09.2022 07:32 3300

Бұл туралы Президент жанындағы ҚСЗИ аға ғылыми қызметкері Гүлмира Тоқанова айтты, деп хабарлайды EL.KZ.

Президент Қ.К.Тоқаевтың жеті жылдық бір мерзімдік бастамасы билікті теріс пайдалану мүмкіндіктерін жоюға бағытталған.

Идея екі маңызды элементті қамтиды: президенттік мерзімді ұзарту кезінде президент ретінде бір рет сайлану. Бір қарағанда, осы тетіктің мәні президенттің өкілеттік мерзімінде – жеті жыл немесе он жыл (бес жылдан екі рет) болып көрінуі мүмкін. Алайда, менің ойымша, бастаманың басты мәні - президентті бір мерзімге сайлауда, - деді ол.

Президентті қайта қатарынан ұсыну мүмкіндігінсіз сайлау – екі мәрте сайлауға қарағанда бірнеше артықшылыққа ие.

Біріншісі - мемлекеттік саясатты іске асыруда тұтастық пен жүйелілікті қамтамасыз ету мүмкіндігі. Президенттің өз қызметінде болуының ұзақ үздіксіз мерзімі президентке де, мемлекеттік органдарға да басты мәселеге назар аудара отырып, ойластырылған реформаларды тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, - деді сарапшы.

Келесі артықшылығы - тұрақты қайта сайлаудан теріс пайдалану жағдайларын жою. Бұл өз кезегінде билікті монополияландыруға қарсы тағы бір тетік болады.

Үшінші, жеті жылдық президенттік мерзім - бұл саясаттағы үнемді басқарудың өзіндік құралы. Осылайша ресурстар ұлттың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған міндеттерді шешуге шоғырландырылатын болады. Уақыт, энергия және қаражат осы уақытта кезекті сайлауға шашырамай, мемлекеттік саясатты мақсатты түрде іске асыру үшін пайданылады деп болжануда. Жалпы президенттің жеті жылдық бастамасы еліміздегі демократияның негізін нығайтады, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға