Саранда дүкендердің біріне түскен ұры сатушыны өлтіріп кетті
Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр
23.01.2025 09:40
321
Қарағанды облысының Саран қаласындағы дүкендердің бірінде аса қатыгездікпен кісі өлтіру фактісі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода ер адамның қарсылық көрсеткен сатушыға шабуыл жасағаны көрінеді.
Саран қаласының 27 жастағы тұрғынының денесі табу фактісі бойынша зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар қылмыстық іс қозғалды. Күдікті адамды анықтау және ұстау мақсатында облыстың ішкі істер органдарының барлық жеке құрамына бағдар берілді, делінген хабарламада.
Полиция департаментінің қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.Қайтыс болған әйелдің артында екі баласы қалды.
View this post on Instagram
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Лос-Анджелес маңы тағы қызыл жалынға оранды