Жаңалықтар

Саран қаласының әкімі қызметінен босатылды

Саран қаласының әкімі қызметінен босатылды
Фото: ©El.kz 29.10.2024 21:00 333

Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қызметінен босатылды. Бұл туралы Қарағанды облыстық әкімдігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қарағанды облысы әкімінің өкімімен Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов қалада жылу беру маусымының басталуында олқылық жібергені үшін атқаратын қызметінен босатылды, - делінген мәліметте.

Қала басшысы міндетін уақытша осыған дейін Саран қаласы әкімінің орынбасары болған Мақсат Қайрешов атқаратын болады.

Бұған дейін Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов пен Қарағанды облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Тілектес Досаев қатаң сөгіс алды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Азамат Тайжановқа ескерту түрінде тәртіптік жаза жарияланғаны белгілі болған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға