Сақинасын шеше алмай қалған ер адам құтқарушылардан көмек сұрады
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
22.10.2024 22:10
943
Тараздық ер адам қолындағы сақинасын өздігінен шеше алмай қалған. Тұрғын құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
1988 жылы туған ер адам ісінген саусағын сақина қысып қалып, өзі шеше алмаған. Тығыз металдан жасалған әшекей кесу кезінде қатты қыздырылып, құтқарушылар оны сумен суытып, үзіліс жасаған. Құтқарушылар қысқа уақыт ішінде арнайы құралдың көмегімен сақинаны саусағынан шешіп алды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Тоқаев Қарағанды облысының әкіміне сөгіс берді