"Сақадай сай отырмын". Алтынай Жорабаева перзентханаға дайындығын көрсетті
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva
Фото: instagram.com/altynaizhorabayeva
25.12.2023 14:49
19276
Ай-күні жетіп отырған әнші Алтынай Жорабаева Instagram парақшасында перзентханаға қажет заттардың барлығын алып, дайын отырғанын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Буып, түйіп дайын отырмын. Бөпеге қажетті заттың барлығын алып алдық. Інім мен келінім балама алғашқы сыйлығын да беріп қойды, - деді әртіс.
Өнер иесі күйеуі Әлішердің де бөпесін көруге асық боп жүргенін де атап өтті.
Айта кетейік, бұл Алтынай Жорабаеваның бесінші перзенті болмақ. Әнші болашақ сәбиінің жынысын көпшілікке жария етпеді. Бұған дейін өзі туралы жалған әңгіме айтып жүрген адамдардан көңілі қалғанын айтқан еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Үйлену жағынан көш басында тұрған қала анықталды