Жаңалықтар

Сапаров ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы айтты

Сапаров ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы айтты
Фото: t.me/KZgovernment 08.01.2025 13:16 292

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы соңғы жылдары жаңғыртылып, неғұрлым технологиялық және өнімділігі жоғары болғанын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің мәртебесі де қатар өсіп келе жатқанын, оны жалақыны көтеру, ауыл тұрғындарының әлеуметтік төлемдеріне ұлғайтылған коэффициентті қолдану есебінен одан әрі көтеру қажеттігіне тоқталды.

Бұдан басқа, ауылда тұрғын үй құрылысын субсидиялау нормативін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру ұсынылады.

Ұсынылған шаралар ауыл шаруашылығы жұмысшы мамандарының беделін арттыруға және азаматтардың ауылға тұрақтап қалуына мүмкіндік береді.

Заманауи ауыл шаруашылығы негізгі кәсіптік-техникалық білімнің болуымен қатар цифрлық жүйелермен және жоғары технологиялық жабдықтармен, соның ішінде жасанды интеллектімен жұмыс істеудің жаңа дағдыларын меңгеруді талап етеді.

Кадрларды даярлау сапасын арттыру мақсатында 2025 жылы 9 кәсіби стандарт, сондай-ақ даярлаудың аграрлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламалары әзірленіп, жаңартылатын болады. Бұл мамандарды машинамен сауу, дрондар, астық өңдеу операторлары сияқты заманауи мамандықтарға және жоғары технологияларды қолдануға байланысты басқа да бағыттар бойынша оқытуға мүмкіндік береді, — деп толықтырды Айдарбек Сапаров.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға