Санжар Тәшкенбай бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
10.05.2023 20:03
1224
Қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбай Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
48 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық Жапонияның боксшысы Кадзума Аратакені жекпе-жекте нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті. Есеп төрешілердің шешімімен – 5:0 болды.
Енді А рингінде үшінші жұпта Махмуд Сабырхан (54 келі) ганалық Мохаммедо Амадумен, А рингінде сегізінші жұпта Дулат Бекбауов (67 келі) мексикалық Мигел Анхел Мартинеспен қолғап түйістіреді.
Сондай-ақ Б рингіндегі он төртінші жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Қостанай облысында заңсыз еңбек еткен 13 өзбекстандық ұсталды
Келесі жаңалық
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шаралар басталды