Жаңалықтар

Санжар Тәшкенбай бастаған боксшылар «Странджа» кубогіне қатысады

Санжар Тәшкенбай бастаған боксшылар «Странджа» кубогіне қатысады
Фото: © Olympic.kz 03.01.2024 16:34 3077

Ақпан айында Болгария астанасы Софияда бокстан дәстүрлі «Странджа» турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Осымен 75-рет өткізілетін турнирге бокстан Қазақстан құрамасы да қатысады. Бұл туралы olympic.kz сайты жазды. Турнирде бақ сынайтын боксшылар қатарында әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай да бар. Бас бапкер Мырзағали Айтжановтың айтуынша, жарыс басталғанға дейін құрамда аз-кем өзгеріс болады.

Сонымен «Странджа»  турниріне қатысатын Қазақстан командасының құрамында  Санжар Тәшкенбай – 51 келі, Дәулет Молдашев – 54 келі, Оразбек Асылқұлов – 57 келі, Руслан Күзеубаев – 60 келі, Ерасыл Танкай – 63,5 келі, Дулат Бекбауов – 67 келі, Талғат Шәйкен – 71 келі, Нұрқанат Райыс – 75 келі, Тұрсынбай Құлахмет – 80 келі, Абзал Құттыбеков – 86 келі, Сағындык Тоғамбай – 92 келі салмақта бақ сынайды.

Айта кетейік, турнир 2-12 ақпан аралығында өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға