Санжар Тәшкенбай Азия чемпионатына бармайтын болды

Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz
25.04.2024 00:37
834
27 сәуір мен 7 мамыр аралығында Астанада бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өтеді. Аталған сынға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстан U22 құрамасының тізімінде Санжар Тәшкенбай жоқ. Ол жарақатына байланысты құрлық додасынан сырт қалды.
Азия чемпионатында ел намысын қорғайтын боксшылар тізімі:
48 келі: Ернар Қарап
51 келі: Кенже Мұратұлы
54 келі: Нұрсұлтан Алтынбек
57 келі: Ерболат Сабыр
60 келі: Руслан Күзеубаев
63,5 келі: Ерасыл Танкай
67 келі: Елнұр Сүйінбай
71 келі: Сабыржан Аққалықов
75 келі: Диас Молжігітов
80 келі: Ерасыл Жакпеков
86 келі:Темірлан Мұқатаев
92 келі: Бекнұр Батырбек
+92 келі: Аманат Сабырғали
Бөлісу:
