Жаңалықтар

Санкциялық шектеулердің әсерін жеңілдету жолдарын ұсыну керек - Тоқаев

Бұл туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында айтылды
Санкциялық шектеулердің әсерін жеңілдету жолдарын ұсыну керек - Тоқаев
Фото: Ақорда 09.12.2022 15:48 1406

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

«Халықаралық ұйымдардың болжамдары көңіл көншітпейді. Халықаралық валюта қоры 2023 жылы әлемдік экономиканың өсіміне қатысты болжамды 2,7 пайызға, Дүниежүзілік сауда ұйымы 1 пайызға дейін төмендетті. Осыған орай Еуразиялық экономикалық комиссияның дерегі бойынша, ЕАЭО-ға мүше елдердегі тұтыну бағасы өсіп келеді.

Қазан айында Одақтағы инфляция деңгейі 11,5 пайызды құрады. Оның негізгі өсімі азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға тиесілі. Мұның бәрі азаматтарымыздың сатып алу қабілеті мен әлеуметтік әл-ауқатына айтарлықтай әсер етеді», - деді Президент.

Мемлекет басшысы санкциялық шектеулер туралы айтты.

«Белгілі санкциялық шектеулер ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің экономикасына қысым жасайтынын мойындау қажет. Сондықтан елдеріміздің комиссиялары мен үкіметтері бұл мәселеге ерекше назар аударып, санкциялық шектеулердің әсерін жеңілдету жолдарын ұсынуы керек», - деді Мемлекет басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға