Жаңалықтар

Санавиация қызметі өткен жылы 2 мыңнан астам шұғыл рейс жасаған

Санавиация қызметі өткен жылы 2 мыңнан астам шұғыл рейс жасаған
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 16.01.2025 21:16 121

Қазақстандық санитарлық авиация қызметі өткен жылы 2 мыңнан астам шұғыл рейс жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

24KZ-тің мәлімдеуінше, оның 12-сі шетелдік бағыттарға бағытталған. Ел ішінде көбіне Ақтөбе, Абай және Қызылорда облыстарына ұшу жүзеге асырылып отыр.

Жақында Астанадағы Балалар кардиохирургия орталығында ерекше маңызды құтқару операциясы өтті. Жаңа туған нәрестенің жүрегінде ақау анықталып, дәрігерлер жедел әрекет етуге мәжбүр болған. Нәресте Ақтаудан Астанаға санавиация көмегімен санаулы сағаттарда жеткізілді.

Операцияға дайындық барысында ұшқыштардан бастап әуежай қызметкерлеріне дейін барлығы уақытпен жарыса әрекет етті, өйткені әр минут өмірді сақтап қалуда шешуші рөл атқарды. Нәтижесінде, ондаған маманның үйлесімді жұмысының арқасында шақалақтың өмірі аман алып қалынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға