Сан-Марино құрамасы тұрақтаған қонақ үйге белгісіз біреу бомба қойылғанын хабарлаған
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
17.11.2023 16:19
1233
Сан-Марино құрамасы шұғыл түрде қонақ үйден эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Команда Еуро-2024 іріктеу аясында Қазақстан құрамасымен кездесу үшін Астанаға келген. Шамасы біреу әзілдегісі келген болар, «қонақ үйде бомба бар» деп хабарлама жіберіп, қонақтардың барлығы эвакуацияланған.
Оқи отырыңыз:
- Сан-Марино құрамасында жиһаз жасайтын шебер мен сантехник ойнайтыны рас па?
- Магомед Адиев қазақстандық жанкүйерлер туралы ойын айтты
Құраманың 23 ойыншысымен қатар техникалық қызметкерлер, түсірілім тобы толық қауіпсіз жерге көшірілген. Полиция толық тексеріс жүргізіп біткенше олар көшеде күтіп тұрған.
Қазақстан құрамасы мен Сан-Марино арасындағы ойын бүгін кешке өтеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға