Жаңалықтар

САН ҚИЛЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРҒА КУӘГЕР БОЛҒАН АЛМАТЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНЕ – 20 ЖЫЛ

САН ҚИЛЫ ТАРИХИ ОҚИҒАЛАРҒА КУӘГЕР БОЛҒАН АЛМАТЫНЫҢ ДОСТЫҚ ҮЙІНЕ – 20 ЖЫЛ
20.05.2019 14:32 6434
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекеме (РММ) қарасты Алматыдағы республикалық мәртебеге ие Достық үйінің ғимараты архитекторлар Р.А. Сейдалина, Л. А. Тимченко, Х. А. Якупбаевтардың жобалары бойынша 1972 жылы бой көтерген.
2.jpg
Санаулы жылдардан соң 50 жыл толатын көне тарихи маңызы жоғары ғимараттардың бірі болып саналады. Себебі, аталмыш ғимаратқа 1974 жылы Қазақ КСР-ның Мемлекеттік премиясы ғана табыс етіліп қоймай, 1979 жылғы Алматы қалалық атқару комитетінің шешіміне сәйкес ғимарат тарих пен мәдениет ескерткіші болып табылады.
5.jpg
Айтпақшы, дәл Осы Достық үйінде сонау 1991 жылғы 21 желтоқсанда тарихи мағынасы ерекше оқиға орын алды – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы Мемлекет басшалырының тиісті шешіміне қол қойылған болатын.

6.jpg

1972-1999 жылдар аралығында дәл осы ғимаратта шетел мемлекеттерімен мәдени байланыс пен достастық қарым-қатынас орнатумен айналысатын Қазақ қоғамдастығы орналасты. Өзінің ғимараты салынғанша азын-аулақ бұл ғимаратта «Бөбек» қорының офисі де жайғасқаны белгілі.

9.jpg


Ал Ассамблеяның сессиясы кезінде 1999 жылғы 1 қыркүйекте Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ғимаратты Қазақстан халқы Ассамблеясына беру туралы шешім қабылдады. Осы уақыттан бастап күні бүгінге дейін 20 жыл қатарынан республикалық Достық үйінің қызметі Қазақстан халқы Ассамблеясымен тығыз байланысты.
12.jpg

Осы жылдар түрлі маңызды іс-шаралар мен оқиғаларға толы болды, олардың бастауында көрнекті де беделді қоғам қайраткерлері мен Ассамблея негізін қалаушы жаңашыл, тұңғыш жол салушы зиялы тұлғалар тұрды. Достық үйінің барлық қызметі көпұлтты халықтың жарасқан достығы, бірлігі мен татулығын орнатуға бағытталған.

7.jpg

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Достық үйінің жаппай мойындалуына және халықаралық деңгейге шығуына көп еңбек сіңірді.
Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан сайланған Парламент Мәжілісінің депутаттары Алматының Достық үйінде өте жиі болып тұрады, этномәдени бірлестіктер өкілдерімен сан түрлі кездесулер өткізіп, шараларға қатысып тұрады.

4.jpg

Достық үйінің ішінде кинозал (баспасөз залы), ішкі жабдығы қазақтың киіз үйіне ұқсайтын конференц-зал (дөңгелек зал), қабылдау залы (көк зал), кітапхана, пошта бөлімі, әкімшілік, шаруашылық және басқалары орналасқан.
8.jpg
Достық үйінің құрылымдық бөлімшелері тұрақты негізде жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісім үлгісін, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын, Жастар жылы шеңберіндегі шараларды, «Жаңғыру жолы» ҚХА жастар қозғалысының қызметін кеңінен насихаттау мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып өткізіп тұрады. Достық үйі «Қоғамдық келісім» РММ құрылымдық бөлімшесі бола отыра Алматы қаласы бойынша барлық этномәдени бірлестіктердің қызметін қамтамасыз ету жолында маңызды қызмет атқарады.

11.jpg

Достық үйінде 18 республикалық және 10 қалалаық этномәдени бірлестік орналасқан. Оған қосымша мұнда мемлекеттік және ана тілдерін оқытатын тоғыз жексенбілік мектеп жұмыс жасайды.
Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық қабылдауы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының Алматы қаласы бойынша штабы, Қазақстан халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер Ассоциациясының Алматы қаласы бойынша филиалы да осы көне ғимаратта орналасқан.
Этномәдени және қоғамдық бірлестіктер арасында туындай қалған кикілжіңдер мен шиеленістерді өркениетті тәсілмен шешу мақсатында медиация кабинеті жұмыс істейді. Республикалық Достық үйінің қамтамасыз ету қызметі Алматы қаласы әкімшілігімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен, мәслихаттың «Ынтымақ» депутаттық тобымен, «Нұр Отан» партиясының қалалаық филиалымен, Қоғамдық келісім кеңесімен, Аналар кеңесімен, Ғылыми-сараптамалық топпен, Қазақстан халқы Ассамблесы жанындағы журналистер клубымен жұмыс жасап, өзара әрекеттеседі. Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Қорының Алматы қаласындағы филиалымен бірлесе қызмет жасайды. 

10.jpg


Этномәдени бірлестіктердің қызметі жайында бай материалдар қоры        жинақталып, оның негізінде этностар тарихының музейі құрылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы жобалары шеңберінде жарық көрген кітаптар жинақталатын Ассамблеяның кітаптар депозитарийі жасақталып, оның негізінде жүйелі түрде кітап көрмесі жаңартылып отырады. Республикалық Достық үйі негізінде этномәдени бірлестіктердің 16 шығармашылық ұжымы жұмыс жасайды (вокалды топтар, би ансамбльдері).

Сонымен қатар ғимаратта «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының офисі орналасқан.
Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық мәртебеге ие жалғыз Достық үйі Алматының көрнекі жерлерінің біріне айналды деп айтуға толық негіз бар.

Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға