Самсунг Note Edge смартфонынына шолу
Самсунг компаниясы өзінің иілген дисплейлер технологиясы жайлы көп жылдан бері айтып келген. Алайда, көріп отырғанымыздай, қазіргі күні ондай панельдер көптеген күнделікті қымбат емес Самсунг смартфондарында қолданылған. Сондықтан, осы сәрсенбіде жарыққа шыққан жаңа Самсунг Note Edge смартфоны, бір қарағанда сол арзан телефондардың біреуі сияқтанып қалуы мүмкін. Бірақ, бұл смартфонды жақынырақ қарап зерттесеңіз, оң қапталындағы иілген қосымша дисплейді байқайсыз.
Иілген дисплей бөлімі негізгі дисплейден тәуелсіз жұмыс істейді. Одан бөлек, негізі Note Edge смартфоны басқа Самсунг телефоны, Galaxy Note 4-ке сырт пішінімен қатты ұқсас. Яғни, телефон 2560 х 1440 өлшемді экранымен, S Pen стилусымен қамтылған.
Самсунг бұған дейін де осыған ұқсас смартфондардың прототиптерін ұсынған болатын, бірақ дәл осындай телефонның шын өмірде жарық көргені бірінші рет.
Өкінішке орай, Note Edge телефонының бағасы әзірге белгсгіз. Алайда, компания өкілдерінің айтуынша, Note Edge басқа да Самсунгтық жоғары сапалы телефондармен бірдей бағада болады.
Самсунгтықтардың пайымдауынша, Note Edge телефонының иілген дисплейінің жай дисплейлерден екі артықшылығы бар: біріншіден, ол - сағат, оятқыш және жаңалықтардың тақырыптарын негізгі дисплей өшірулі тұрғанда көрсете алады. Екіншіден, кейбір қосымшаларға дисплейдің иілгенділігі көп көмектеседі екен. Себебі, иілген дисплей қолданылып жатқан қосымшаға байланысты түрін өзгерте алады екен.
Мысалы, егер сіз камераны қолдансаңыз, «түсіру» түймесі, немесе әртүрлі мәзір түймелері осы иілген дисплейде пайда болады. Бұл, ендігі кезекте, негізгі дисплейдің көп өзгермеуіне көмектеседі. Иілген дисплейдің ыңғайсыз кездері де бар екен. Мысалы, кей кездері негізгі дисплей мен иілген дисплей бір-бірінің үстіне қабаттасып, түймелер қиылып қалады. Тауардың демосы кезінде телефонның бағдарлау қызметі, телефон қозалса да істемеді. Самсунгтың айтуынша, бағдарлау қызметі негізгі дисплей сөнгенде адамдардың бетерін фокусқа алуға көшеді екен, және телефон бұл жағдайда тұрған кезінде иілген дисплейді қолдануға болады.
Теориялық түрде сіз негізгі дисплей сөніп тұрған кезінде иілген дисплейден жаңалықтардың тақырыбын оқып, немесе уақытты тексеріп, телефон батареясын үнемдей аласыз. Қазіргі күні «Yahoo» сияқты ірі компаниялар Note Edge-ге өз софтверлері мен бағдармаларын ұсынып жатқандығы айтылды.
Жалпы, Самсунгтің иілгіш дисплейі тез жұмыс істейді екен, бірақ кейде дисплейді қолданып жатып, байқамай қосымшаларды басып қалатын да кездер болады. Note Edge болашақта хит бола ма, алде жай нище тауары бола ма, оны уақыт көрсетеді.
Мақаланың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз:
Материалды дайындаған: Нұрғазы Абжанов