Жаңалықтар

Самбошылар әлем чемпионатында 4 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды

Самбошылар әлем чемпионатында 4 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды
Фото: instagram.com/drs_kz 14.09.2023 00:39 778

Доминикан Республикасының Хуан-Долио қаласында жағажай самбосынан III әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Алғашқы жарыс күні палуандар құмда белдесіп, 8 салмақтағы үздіктерді анықтады. Жүлде алғандар қатарында ұлттық құрама спортшылары да бар.

58 кг
1. Дамир Шамсутдинов (ФИАС 1)
2. Әліби Тоқтарбай (Қазақстан)
3. Габриэль Стефанита Рима (Румыния)
3. Давид Овсепян (Армения)

71 кг
1. Шамиль Тюряев (ФИАС 1)
2. Матан Иглицки (Израиль)
3. Иван Лопоухански (АҚШ)
3. Самат Сағатбеков (Қазақстан)

88 кг
1. Антон Суровцев (ФИАС 1)
2. Болат Сапар (Қазақстан)
3. Дмитрий Вильтовский (АҚШ)
3. Эдуард Гарсия (Венесуэла)

+88 кг
1. Элли Нейт (Румыния)
2. -
3. Артур Хапцев (ФИАС 1)
3. Ермұхан Естай (Қазақстан)

Әйелдер, 50 кг
1. Оксана Кобелева (ФИАС 1)
2. Маргарита Бажаева (Қазақстан)
3. Кристина Бланару (Румыния)
3. Луизайна Кампос (Испания)

Чемпионаттың екінші күні командалық сында Қазақстан құрамасы финалға жетіп, Румыния самбошыларына жол берді. Қола медальді Коста-Рика құрамасы иеленді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға