Жаңалықтар

Самарқандағы саммит түркі елдерінің мәдени, рухани және саяси одағы – саясаттанушы

Самарқандағы саммит түркі елдерінің мәдени, рухани және саяси одағы – саясаттанушы
Фото: paryz.kz 11.11.2022 16:14 2070

Самарқанда өткен саммиттің маңызы неде? Бұл туралы саясаттанушы Самат Нұртаза өз пікірін білдірді, деп хабарлайды  El.kz.

Өзбекстанның Самарқан қаласында түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының саммиті өтті. Саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Әзірбайжан елінің президенттері қатысты.

Саммит тақырыбы – «Түркі өркениетінің жаңа дәуірі: ортақ даму мен өркендеу жолында».

«Саммитке ұйымға мүше түркі елдерінің мемлекет басшыларымен бірқатар елден келген бақылаушы қатысты. Саммитте түркі елдерінің экономикалық-ынтымақтастық және халықаралық маңызды мәселелері талқыланды. Бизнес, сауда-саттық бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жолға қою қарастырылды. Түркі елдері арасындағы өзара байланысты дамыту мен маңызын арттыру басты назарда болды», - деді саясаттанушы.  

Самарқандағы саммит түркі тектес елдердің мәдени, рухани және саяси одағының көрінісі болды. Бұл түркі елдері арасында өтетін негізгі және маңызды басқосулардың бірі. Сондықтан мұндай үлкен отырыстағы шешімдер көп елге оң ықпалын тигізетінін атап өтті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға