Жаңалықтар

Самарқандтың көк тасы ерігенде...

Самарқандтың көк тасы ерігенде...
31.03.2022 11:33 6309

Наурыз мейрамының қанық бояуына айналған «Самарқанның көк тасы еритін күн» ұлтымызды рухтандыратын, тарихымызға терең бойлап, өткенге салауат айтатын ұлы күн болса керек-ті. Дәл осындай ерекше күні, күн мен түн теңелген сәтте ұрпағымыздың бойына рух сіңдіру үшін Самарқанда болуымыз керек деген ой туды. Бір ғана сөмкені иыққа іліп, 10 айлық баланы қолға алып, отбасымызбен Өзбекстанға аттандық. Біз Ташкент, Самарқанд, Бұқара қалаларын аралағанымызбен, бүгінгі әңгіме тек Самарқанд жайында болмақ.

Самарқандтың көк тасы ерігенде...

Самарқанд – Өзбекстандағы мешіттері мен кесенелері арқылы әйгілі болып, туристік аймаққа айналған қала. Кезінде бұл қала арқылы Ұлы Жібек жолы өтіп, Қытайдағы Жерорта теңізі елдерімен байланыстыратын суда жолы болған деседі. XV-XVII ғасырларға жататын үш медресесі бар Регистан алаңы мен Әмір Темір кесенесі жергілікті халықтың ғана емес, туристердің де сүйікті орнына айналған.

Қаланы аралатқан экскурсовод Асад Ахмадов саяхатшылардың Самарқандқа деген ықыласы ерекше екенін айтады.

«Самарқанд көне тарихымен, еңселі кесенелерімен танымал ғой. Бізге келетін туристердің көпшілігі қаланың жаңа жағын аса қатты сұрай бермейді. бәрінің қызығушылығы осы тарихи тұстарында. Әрдайым қалаға саяхатты Әмір Темір кесенесінен бастаймыз. Ары қарай барлық кесенелер, тарихи орындар, көретін жерлер бәрі бір жолдың бойында бір-біріне жақын орналасқан. Өздеріңіз көргендей жаяу аралаған ыңғайлы. Алғашқы Президентіміз Ислам Каирмов та осы көрнекті жерлердің маңына жерленді. Оның кесенесі де туристер жиі баратын жерге айналды. Біз Самарқандтық болғанымыз үшін мақтанамыз», - деді экскурсовод Асад Ахмадов.

Кез келген турист саяхатты Әмір Темір кесенесінен бастары сөзсіз. Бұл кесене XV ғасырдың басында Самарқандтың оңтүстік-батыс бөлігінде салынған. Алғашында өз немересіне арнап салдырған кесенеге өзі, сосын оның қайтыс болған ұрпақтары, ұлдары мен немерелері жерленген. Кесененің ауласы біртұтас сәнмен безендіріліп, бұрыштарында төрт мұнара орналасқан. Әмір Темір бұл кешеннің аяқталғанын көре алмапты, ол қайтыс болған соң құрылысты немересі Ұлықбек аяқтаған.

Бұл кесене ортағасырлық сәулет өнерінің ерекше үлгісі болып табылады. Қабырғалары күмбез және скрипт, толығымен ашық және қою көк түсті жылтыр кірпіштен жасалған мозаикамен, алтын жалатылған және кескіндемемен қапталған. Интерьер терезелердегі ажурлы торлармен, картиналармен, оюлармен көмкерілген, мәрмәр және оникс панельдермен толықтырылған.

Самарқандтың көк тасы ерігенде...

Бұл жерде ұзағырақ болдық. Әр бөлмесіне кіріп, Құран оқып, ұмытылмас әсер алуға тырыстық. Әмір Темір бізге Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салдырып бергенімен де қымбат деп білеміз. Әлемді билеген Әмір Темір Самарқандқа ерекше рух беріп жатқандай күй кешеді екенсің…

Одан шыққан соң аты айналасына әйгілі Регистан алаңына келдік. Бұл алаң шығыс сәулет өнерінің ескерткішіне айналған тамаша сәулет кешенінің арқасында дүниежүзілік атаққа ие. Алаңның үш жағы зәулім медреселермен қоршалған. Олар: Ұлықбек, Шер-Дор және Тилля-Қари медреселері. Осындай ерекше ғимараттардың арқасында Самарқанд 2001 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енген екен.

Бұл атау ескерткішке порталдағы бейнелердің арқасында берілді: күн сәулесін арқасына көтеріп, кіреберістің үстінде ақ маралға ұмтылған екі үлкен алтын жолбарыс. Шер аудармада жолбарыс (арыстан) дегенді білдіреді және атау «жолбарыстармен безендірілген» деп аударылады. Дәл осы көркем сюжет кейін Өзбекстанның ұлттық символына айналған.

Дәл осы медресенің құрылысы аяқталғаннан кейін 10 жылдан кейін Самарқанд билеушісі Ялангтуш Баһадүр композицияны аяқтауы тиіс басқа ғимарат салуды жоспарлайды. Құрылыс 1646 жылы Регистан алаңының солтүстік бөлігінде, керуен сарай орнында басталды. Сәулетші жаңа медресе орталықта орналасса да, бұрыннан бар ғимараттардың басқа көшірмесіне айналмауы керек деп шешті.

Тилля-Қари медресесінің құрылысы 14 жылдан астам уақытқа созылып, 1660 жылы аяқталды. Ғимараттың негізгі қасбеті екі қабаттан жасалған, орталық портал ішкі жабық аулаға апаратын екі негізгі кіреберісі бар бес жақты терең тауашалар арқылы кесілген. Порталдың сол жағында көгілдір күмбезді мешіт мұнарасы көтеріледі, ғимарат қасбетінің бүйірлерінде екі мұнара бар. Ғимарат сәулет стилінің бірлігін бұзбай, екі үлкен медресені өте үйлесімді түрде үйлестіреді.

Самарқандтың көк тасы ерігенде...

Жаңа ғимаратқа декорацияға байланысты «Тилля-Қари» атауы берілді. Медресені безендіру үшін суретшілер алтын жалату басым болатын кундал кескіндемесін пайдаланған. Үшеуінің ішінде алтын түстердің молдығымен таң қалдыратын ең бай қабырға әшекейлері бар осы ғимарат. Тилля-Қари «Алтынмен қапталған» дегенді білдіреді.

Осыдан кейін аты әлемге әйгілі Бибі ханым кесенесіне бұт бұрдық. Бұл бүкіл мұсылман әлеміндегі ең зәулім мешіттердің бірі, Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт, қабырғаларының зәулім биіктігімен қорқыныш пен бір мезгілде жұмбақ үрей тудыратын және сонымен бірге оның сән-салтанатынан дірілдететін алып кешен. «Бибі ханымды» Самарқандтың жұма мешіті деп те атаған – мұнда мыңдаған мұсылман ер адамдар намаз оқуға келген.

Плиткалармен, суреттермен және кесілген мәрмәрмен безендірілген бұл таңғажайып мешіттің қалай пайда болғаны туралы көптеген аңыздар бар. Бірақ тарихшылар әлі күнге дейін Бибі ханым Әмір Темір Үндістаннан оралған соң бірден оның бұйрығымен салынған, сонда ол жеңіске жетіп, Темірланның сүйікті әйелінің атымен аталған деген пікірде.

Осыдан кейін алып құрылыстарды тарихи кешендерді тамашалап болған соң, бір сергіп қайтуды жөн көрдік. Сөйтіп Сиаб базарына қарай тарттық. Бұл базар Самарқандтағы ең қызықты әрі көне орындардың бірі, оны әрбір турист көруге тиіс жер. Шығыс базары - бұл ежелгі қаланың жанды атмосферасын тамашалауға болатын өте ерекше орта. Ұзақ жылдар бұрын базарлар Ұлы Жібек жолы бойындағы негізгі стратегиялық сауда нысаны қызметін атқарған.

Ал кесенелерге кіру жергілікті тұрғындар үшін басқа баға, туристер үшін басқа баға. Өзбек елінің өз тәртібі бар.

«Жергілікті халыққа басқа баға қойғанымен, туристер үшін де баға қолайлы, қолжетімді. Барлық жерде турист екенімізді сырт келбетімізден-ақ біліп отырады. Мысалы, мен Тәжікстаннан келдім. Олар бірден турист бағасын айтады. Бір қызығы елдегі тәртіп темірдей берік екен. Келіншегіммен, баламмен келсем де қонақ үйлер біздің некемізді растайтын құжат сұрайды. «Тірі құжат міне тұр ғой» деп баламды көрсетіп күлемін. Демек мұнда олсыз қонақ үйге жайғасу мүмкін емес. Сонысы ұнады өзіме. Сонымен қатар, Самарқандта іздегеннің бәрін табасыз. Қасиетті Рамазан айы жақындап қалды ғой, соған Сияб базарынан кепкен жемістің түр-түрін сатып алдық. Мұндағы әсердің бәрі өте қызық сезім», - дейді саяхатшы Хасен Акеев.

Самарқандтың көк тасы ерігенде...

Сиаб базары шаруашылық базары болып саналады, сондықтан мұнда негізінен Өзбекстанның еңбекқор диқандары өсірген көкөністер, жемістер, бақша дақылдары және жергілікті тұрғындар жасаған азық-түлік өнімдері сатылады. Сауда қатарлары тауар түріне қарай шартты түрде бөлінеді. Жергілікті сатушылар сиабиялық кептірілген жемістер, тәттілер мен жаңғақтардың дәмді болатыны соншалық, мұнда келушілер саны күн санап артпаса, кеміген емес. Ал шығыс нарығында дәмдеуіштердің керемет мөлшерін, тіпті сирек кездесетінін де таба аласыз. Мұнда тағамдық өнімдерден бөлек, жергілікті қолөнершілер мен шеберлердің өнімдерін де сатып алуға болады. Нан қатары ерекше назар аударуға лайық, өйткені Самарқанд торттары жергілікті ұн өнімдерінің ерекше түрі болып табылады. Сиаб базарында нанның 20-ға түрін табуға болады.

Сонымен қатар, Самарқандтың қақ ортасында Тимуридтер бейітінен алыс емес жерде Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Кәрімовтің салтанатты кесенесі бар. Ол 2016 жылдың қыркүйек айында тұрғызылған. Биіктігі 8 метрге жуық ғимарат Ислам Каримов бейітінің үстіне тұрғызылған, оның құлпытасы ақ оникстен жасалған. Ал қабырғалары асыл тастармен және алтын жалатылған әшекейлермен безендірілген, төменгі жағы жасыл оникспен қапталған. «Бұл киелі жер Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті, ұлы мемлекет және саясат қайраткері, өзбек халқының аяулы және сүйікті перзенті Ислам Каримовтың мәңгілік мекені болып табылады», - деп ағылшын және өзбек тілінде жазылған. Ғимараттың үстіңгі жағында мешіт күмбезіндегідей терракота түсті керамикалық тақтайшалардан жасалған қырлы күмбез бар. Сонымен қатар, мемориалдық кешен аумағында айван орнатылған - төбесі бағаналармен бекітілген, оның шығысында Құран жазбалары қашалған терраса. Айналасын тегіс көгалдандырып, адамдар демалып отыратын жерлер, дәрет алатын жер, туристер аралайтын қалашық жасап қойған.

P.S. Ерекше сапарымызда бір түсінгеніміз өзбек халқы еліне келген әр туриске құрметпен қарайды. Қонақ үй іздеу, баратын жерімізді адаспай табу, қай тарихи орының қасиеті қандай бәрін де жалықпай айтып, түсіндіруге тырысады. Өте қонақжай халық. Кішкентай қалалалар болса да туризмді барынша дамытқан, өздері де үлкен-кіші демей қыдырғанды жақсы көретін халық екенін көрдік. Өйткені біз барған күндер мейрам күндерге түскендіктен тек туристер ғана емес, жергілікті халықтың жас-кәрісіне дейін қыдырып жүргенін көрдік.

Біз Самарқандтың туристерге арналған жерлері мен тарихи орындарын ғана араладық. Бүгінгі келбетін көрсетін қалалық жағына бұрыла алмадық. Себебі жасқа толмаған кішкентай баламен сапарлау оңай емес екенін түсіндік. Тек анамызға деп алған жаулығымыз бен баламызға деп алған Самарқанд жазуы бар футболкамызды қанағат тұттық. Осылайша сапарымызды қарай қарай жалғастыру үшін Бұқараға аттанып кеттік...

Суреттер ашық ғаламтор көздерінен алынды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға