Самұрық-Қазына қорының миссиясы қайта қаралады
«Самұрық-Қазына» қорын реформалау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр
Бұл туралы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Тимур Жақсылықов Үкімет отырысында мәлім етті, деп хабарлайды El.kz
«Квазимемлекеттік сектордың рөлін қайта қарау шеңберінде мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіру және «Самұрық-Қазына» қорын реформалау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Осы бағыт бойынша мемлекет қатысуының нақты өлшемі квазимемлекеттік сектор субьектілерінің жаңа сыныптамасы, сондай-ақ корпоративтік басқарудың жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен модельдері айқындалады», - деді ол.
Айтуынша, «Самұрық-Қазына» бұдан былай жеке инвестицияларды тартуға көбірек көңіл бөлуге тиіс.
«Самұрық-Қазына» қорының миссиясы жеке инвестицияларды тарта отырып, жүйе құраушы жобаларға белсенді ортақ инвестицияларға баса назар аударып, қайта қаралады», - деді вице-министр.
