Жаңалықтар

Салықтық жеңілдіктерден экономикамыз қандай пайда көрді?

Салықтық жеңілдіктерден экономикамыз қандай пайда көрді?
Фото: ©El.kz/Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ 20.06.2023 16:47 777

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутат Ұласбек Сәдібеков республикалық бюджеттің атқарылуының негізгі тұстары мен өзекті проблемаларына тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша, Үкімет тарапынан шешімін таппай отырған тағы бір маңызды  мәселе – салықтық жеңілдіктер санының көп болуы. 

Жоғары аудиторлық палатаның бағалауы бойынша 2018-2021 жылдар аралығында бюджетке толық түспеген қаражат көлемі 30 триллион теңгеден асады. Реттеуші нормативтік құқықтық база әлсіз болғандықтан, салықтық әкімшілендірудің қабылданатын шаралары да тиімсіз болып отырғанын атап өткім келеді. Басқаша айтқанда, салықтық жеңілдіктер бар, бірақ олар дұрыс бағаланбайды. Олардың қажеттігі мен тиімділігін ешкім негіздеп айта алмайды, салықтық жеңілдіктер бойынша мониторинг пен талдау жүргізілмейді, тіпті олардың қолданылуы да бақыланбайды, - дейді Ұласбек Сәдібеков.

Ұсынылатын жеңілдіктер көлемі жыл сайын артып келеді.

Бұрын енгізілген жеңілдіктерден біздің экономикамыз қандай пайда көрді? Бұл сұрақ ашық күйінде қалуда, - деді депутат.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға