Жаңалықтар

Салық реформасы: Маңғыстау кәсіпкерлері Үкіметке ұсыныстарын айтты

Салық реформасы: Маңғыстау кәсіпкерлері Үкіметке ұсыныстарын айтты
Фото: t.me/KZgovernment 13.02.2025 19:35 98

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов Ақтау қаласында бизнес-қоғамдастықпен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

200-ге жуық кәсіпкер қатысқан кездесу барысында жаңа Салық кодексі және оның бизнеске әсері талқыланды. 

ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков өз сөзінде Үкімет азық-түлік, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының өсуіне жол бермеу үшін микро және шағын бизнесті ҚҚС төлеуден толық босату мүмкіндігін қарастырып жатқанын атап өтті.

Кеңес барысында кәсіпкерлер өздерін толғандыратын сұрақтар қойып, салық саясатының әрбір өзгерісі кезінде бизнес өкілдерінің пікірі ескерілуі тиіс екенін қадап айтты. Қорытындылай келе, ҚР ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков пен Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Нұржанов айтылған барлық ұсыныс-тілектерді қаперге аламыз деп уәде берді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға