Жаңалықтар

Салық-бюджет реформасы ЖІӨ-нің тұрақты өсуіне ықпал етуі тиіс – Елена Бахмутова

Салық-бюджет реформасы ЖІӨ-нің тұрақты өсуіне ықпал етуі тиіс – Елена Бахмутова
Фото: t.me/KZgovernment 23.01.2025 14:38 130

«Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің төрағасы Елена Бахмутова салық-бюджет реформасының мақсаты мемлекеттік қаржыны нығайту болып саналатынын атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Салық-бюджет реформасының мақсаты мемлекеттік қаржыны нығайту, әділ салық салу және бюджеттің даму шығыстарын қайта қалыптастыру болып саналады. Бұл ЖІӨ-нің тұрақты өсуіне, экономиканың дамуына ықпал ететін өте маңызды мақсат. Бұл тұрғыда, әрине, қолдау көрсетіледі. Қаржы секторына келетін болсақ, ол әрқашан жауапты жұмыс беруші, бизнесті жауапты жүргізу, ашықтық пен әділ салық салуды және мемлекеттік қаржының тұрақтылығы жағында. Ең бастысы, сарапшылар қауымдастығымен, нарық қатысушыларымен үнемі диалогта болу қажет. Ол ықтимал сын-қатерлерді дұрыс бағалау және халық пен бизнес субъектілері үшін тәуекелдерді азайту үшін керек, – деп атап өтті Елена Бахмутова.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға