Жаңалықтар

«Салтанатқа жаны ашып жүретін». Қуандық Бишімбаевтың әкесі ұлы туралы айтты

«Салтанатқа жаны ашып жүретін». Қуандық Бишімбаевтың әкесі ұлы туралы айтты
Фото: Қуандық Бишімбаев / Уәлихан Бишімбаев 27.12.2023 14:38 3157

Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев ұлы туралы айтып берді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Nege.kz тілшісінің «Ұлыңыз қандай бала болды?» деген сұрағына:

Ол өте ақкөңіл. Үнемі жұртқа жақсылық жасауды ойлап жүретін. Жанашырлығы басым болатын. Салтанатқа да жаны ашып жүретін. Бірақ пікірін тіке айтатын, - деп жауап берді.

Сонымен қатар Уәлихан Бишімбаев бұл іске неліктен барғанын, не себеп болғанын білмейтінін жеткізді.

«Әттеген-ай» деген өкініш бар. Олар өмір сүргісі келді, отбасы құрғысы келді, балалы, бақытты болғысы келді. Қуандық Салтанатты жақсы көретін. Өмірге бала әкелуге асық еді. Екеуінің алдына қойған мақсаты бар еді. Бірақ не болғаны бізге де белгісіз, - дейді ол.

 Сұхбат соңында ұлының қылмысына қарай жазасын алатын мәлімдеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға