Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды науқанын қорытындылады
Бұл туралы штабтың баспасөз қызметі мәлімдеді
Фото: El.kz
Фото: El.kz
18.11.2022 14:41
1567
Салтанат Тұрсынбекова сайлауалды науқанын қорытындылады деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы штабтың баспасөз қызметі мәлімдеді.
Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова сайлауалдындағы үгіт-насихат науқанында 12 облыста болды.
Ол Астана, Шымкент және Алматы қалаларында, Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында тұрғындармен, халықтың әртүрлі топтарымен кездесу өткізді.
Еліміздің 12 облысын аралаған Салтанат Тұрсынбекова Штаб ұжымымен бірге 16 мың шақырымнан астам жолды жүріп өтті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыда құтқарушыларға арналған мурал пайда болды
Келесі жаңалық
Суицид: Статистика не дейді? Жағдай түзелді ме?