Салтанат Нүкенованың ағасы бірінші сот отырысынан кейін күтпеген мәлімдеме жасады
Марқұм Салтанат Нүкенованың туған ағасы Айтбек Амангелді алғашқы сот отырысы туралы ойын ашып айтты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.
Ол қарындасының өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдаудан кейін сот процесін айтып, Instagram желісінде видео жариялады.
Салтанат "неге кетіп қалмаған және кетіп, қайтадан неге оралған?" деген секілді сұрақтар көп қойылды. Бұл мен үшін де үлкен сұрақ. Оның жауабын қылмыс болғаннан кейін алдым. Яғни Бишімбаев түсірген видеодан кейін білдік. Бұл туралы айтқымыз келмеген, себебі бұл біздің жақындарымыз үшін ауыр. Сондықтан видео туралы қоғам білмесе дедік. Себебі әлдеқандай әдеп нормасы бар. Менің міндетім - бәрін бүге-шүгесіне дейін айтып, біреуді қаралау емес, отбасымды ойлау және оларға қамқорлық таныту болды, - дейді Айтбек Амангелді.
Еске салайық, мемлекеттік айыптаушы 2023 жылдың сәуірінде Бишімбаев Нүкенованың туыстарында ұрып-соққаннан бет-әлпеті көгерген суреті бар екенін біліп, егер ажырасатын болса, оны осы суреттермен бопсалауы мүмкін деп болжап, Нүкеновадан жалаңаш кейпін көрсететін интим видео түсіруін талап еткенін айтқан еді. Ол бұл оның кепілі болатынын айтқан.