Салдары ауыр: Таиландтағы туристер арасында денге безгегі тарап жатыр

Фото: t.me/ru2ch
Фото: t.me/ru2ch
03.03.2025 15:31
582
Курортты аймақтарда жылдам тарап жатқан денге безгегі енді Таиландқа жеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін Балиде демалып жатқан туристер дене қызуының жоғарылауын, жүрек айнуы мен денеде бөртпелердің пайда болғанын айтып шағымданған. Енді Таиландтағы туристер де аталған безгектен зардап шегуде. Себебі толассыз жауған жауыннан соң масалар күрт көбейіп кеткен.
Науқастардың айтуынша, репелленттер мен фумигаторлар көмектеспеген, ал жергілікті дәрігерлер парацетамол ішуге және ішкі қан кетудің салдары өлімге апармас үшін күнделікті қан тапсырып тұруға кеңес берген.
Вирустан жазылып шыққандар шаштың көптеп түсіп жатқанын айтқан.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Алматыдағы балалар үйі Қонаевқа көшірілмейтін болды
Келесі жаңалық
Түркістан облысында Наурыз мейрамы 10 күн тойланады