Жаңалықтар

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Маңғыстау облысына барады

«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Маңғыстау облысына барады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 02.05.2024 21:17 801

«Саламатты Қазақстан» мамандандырылған медициналық пойызы 3-мамыр күні Маңғыстау облысына келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

3-мамыр мен 25-мамыр аралығында Маңғыстау облысының бірнеше елді-мекенін аралап, білікті дәрігерлер тұрғындарға медициналық көмек көрсетеді. «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы – елімізде сәтті жүзеге асып келе жатқан әлеуметтік жоба. 

Дәрігерлік бригаданың құрамында терапевт, хирург, педиатр, психолог, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика маманы, жалпы практика дәрігері, рентгенолог, кардиолог, стоматолог, офтальмолог, отоларинголог, онколог-маммолог, гинеколог және уролог медициналық көмек көрсетеді. Пойыз заманауи диагностикалық құралдармен, соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Медициналық пойыздың тұрғындарды қабылдау кестесі:

Тұрыш станциясы: 3.4-мамыр
Сам станциясы: 5-мамыр
Сайөтес станциясы: 6.7.8-мамыр
Жаңаөзен станциясы: 9.10.11-мамыр
Болашақ станциясы: 12-мамыр
Жетібай станциясы: 13.14.15-мамыр
Қарақия станциясы: 16.17.18-мамыр
Шетпе станциясы: 19.20.21-мамыр
Үстірт станциясы: 22.23-мамыр
Опорный станциясы: 24.25-мамыр

Медициналық пойыз дәрігерлері өңір тұрғындарын таңғы сағат 09.00-ден кешкі 18:00-ге дейін қабылдайды.
Түскі ас уақыты 13.00-14.00. Айта кетейік, дәрігердің қабылдауына баратын түрғындар міндетті түрде өзінің және баласының (баласын қаратса) жеке басын куәландыратын құжаттарын ала баруы керек. Медициналық құжаттары болса, қосымша ала баруы керек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға