Жаңалықтар

Салафизмге тыйым салу керек – Ерлан Саиров

Салафизмге тыйым салу керек – Ерлан Саиров
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 13.09.2023 14:54 11472

Мәжіліс кулуарында депутат Ерлан Саиров журналистің «салафизмге тыйым салуымыз керек пе?» деген сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Депутат Қазақстан заңына сәйкес еліміз зайырлы мемлекет екенін айтып, дін мен мемлекетті бір-бірінен бөлуге немесе қысым жасауға, әсер етуге болмайтынын тілге тиек етті.

Сондықтан мемлекеттік органдарда, мемлекеттік ғимаратта азаматтар өздерін зайырлы мемлекет заңына сай ұстауы қажет. Әрине, бәріміз исламға бағынамыз. Дегенмен де әсіре діншілдікке баруға болмайды. Өкінішке қарай, шетелден оқып келген көптеген имамымыз исламды емес, керісінше, өзі оқып келген елдің заңы мен жүріс-тұрыс ережелерін Қазақстанға таңғысы келеді. Біздің халқымыздың тарихи дәстүрі, санасы бар. Сол себепті Қазақстан қоғамы осы қазақ халқының тарихи санасына сәйкес өмір сүруі қажет. Әсіре дін өкілдеріне мемлекеттік тұрғыдан, яғни салафизмге тыйым салу керек, – деді депутат Ерлан Саиров.

Мәжілісмен Қазақстан өзінің зайырлы мемлекет моделін сақтап тұру керек. Соның әртүрлі әдістері мен тәсілдерін жасау қажет. Қазіргі таңда әсіре діншілдердің дауысы қатты шығып кетті. Бұл мемлекеттің болашағына үлкен сын болуы ықтимал деп отыр. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға