Салқындатқыш жайлы бірер дерек
1902 жылы Уиллис Кэрииер есімді азамат әлемдегі ең алғашқы кондиционерді (тоңазытқыш машина) жасап шығарып, өз жұмыс орнындағы типографияға орнатқан.
1929 жылы General Electric компаниясы ең алғаш болып сериялы кондиционерді құрастырып шыққан. Бұл құрылғыдағы хладагенттің орнына қарапайым аммиак қолданылған. Бұл заттың адам баласына зиян екендігін о баста білген. Сол себепті, адам денсаулығына кері әсерін тигізбес үшін салқындатқыш компрессорды сыртқа, яғни көшеге орнататын болған.
Ең алғашқы болып көлікке арналған салқындатқышты 1939 жылы Packard маркалы автөкөлікке орнатқан. Ол кезде көліктің артқы бөлігін толық қамтыған көрінеді. Оның үстіне бағасы да автөкөлік бағасының 3/1 бөлігін құраған. Мәселен, «Форд» көлігі ол кезде – 740$ тұратын болса, желдеткіш бағасы – 274$ болған.
Жер бетіндегі ең ыстық аймақ – Африка екені барлығына мәлім. Қазіргі таңда салқындатқышға сұраныс білдіріп отырған әлемдегі елдер арасында 5-ші орынды иеленіп келеді. Африка аймағы кондиционер затымен аз қамтылған. Оған басты себеп – адамдар жағдайының төмендегі. Тағы бір себеп – бұл аймақтың кейбір елдімекендері тіпті электр жарығымен де қамтамасыз етілмеген. Тіпті, электр жарығы жүргізілгеннің өзінде оның бағасы жергілікті тұрғындардың қалтасына сай келмейді екен. Желдеткіш электр қуатын көп тұтынатыны соншалық, екі айдың ішінде кондиционер бағасының көлемі де шығып қалатын көрінеді.
Желдеткіштен су ағатындай етіп жасау керек. Себебі, кондиционердің басты қызметі – тек салқындату ғана емес, бөлме ішіндегі адамның жайлы, ыңғайлы отыруына қызмет жасау.Бұл мақсатқа ауаны салқындату арқылы жетуге болады. Өйткені, суға айналған ауа салқын заттардан құралады екен. Ауаалмасу құрылғысының салқын аймақтарына ауа суға айналып, одан соң көрсетілген орынға ағып тұрады. Арнайы ойлап табылған құбыр арқылы жерасты құбырға немесе көшеге кетіп отырады.
Иудейлерге сенбі күндері басқа техникалармен қоса кондиционерді де қолдануға болмайды. Дұрысырақ айтқанда, қолдану емес, қосу және баптауларын өзгертуге тыйым салынады екен.Бірақ көпшілік тұрғындар бұл мәселеде де өз жауабын тапқан. Олар жұма күні салқындатқыш техниканы өшірместен қалдыратын көрінеді. Бастысы – сенбі күні қоспады дегенге келіп тұр. Мұндай қулықты тұрғындардың көбі пайдаланады. Ережені айналып өту дейді екен мұндайды. Дәл салқындатқышқа емес, кез-келген электр тогымен қамтамасыз етілетін құрылғыларға сондай амал-тәсілдерді қолдануды жөн көреді екен.