Жаңалықтар

Сәкен Сейфуллин туралы фильм түсіріледі

Сәкен Сейфуллин туралы фильм түсіріледі
Фото: t.me/askhat_oralov_online 24.07.2023 14:30 731

2024 жылы Сәкен Сейфуллиннің туғанына 130 жыл толады. Осыған орай фильм түсіру жоспарланған. Бұл жайында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Telegram-парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің жазуынша, ол арнайы ашылған орталықта азаматтарды қабылдаған.

Оқи отырыңыз:

Келесі жылы Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығын мерекелеу тақырыбы талқыланды. Актер және жазушы Қанат Жүнісов көрнекті жазушы және қоғам қайраткеріне арналған фильмнің сценарийі мен операсын ұсынды. Ұсыныс қызық. Әсіресе, опералық қойылым. Біз отандық авторлардан спектакльдер санын көбейтуге бағыт алдық, сондықтан бұл мәселе мұқият зерттеледі. 2030 жылға қарай қазақстандық авторлардың қойылымдарының санын 600-ге дейін арттыруды жоспарлап отырмыз, - деді Асхат Оралов.

Ведомство басшысының атап өтуінше, қабылдау кезінде фильм түсіру және ерекше қажеттіліктері бар әртістерге арналған концерттік алаңдарды ұсыну үшін қолданылатын ретро техниканы сақтау мәселелері көтерілген.

Мен жауапты комитетке осы ұсыныстарды егжей-тегжейлі қарастыруды тапсырдым. Сондай-ақ қабылдауда әнші Алтыншаш Мұқатаева болды. Ол біздің министрліктің қолдауымен шығармашылық жолын жалғастыруға ниет білдірді. Біз әрқашан ерекше қажеттіліктері бар әртістердің және инклюзивті шығармашылық ұжымдардың өнерін қолдаймыз. Мұндай кездесулер мұнымен тоқтамайды. Бұдан бөлек өңірлерді аралап, тұрғындармен есептік кездесулер өткізуді жалғастырамын, - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға