Жаңалықтар

Сәкен Бибосынов: Хасонбой Дусматовтан есемді қайтарамын

Сәкен Бибосынов: Хасонбой Дусматовтан есемді қайтарамын
Фото: ©Нұрғали Жұмағазы 26.09.2023 12:35 641

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында бокстан отандасымыз Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. Кездесуден кейін боксшы Азия ойындарында жүрген тілшіміздің сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Бірінші кездесуімде жеңіске жеттім. Жекпе-жек оңай болған жоқ. Азия ойындарына ешқандай әлсіз қарсылас келмейді. Моңғол боксшысын жарыстардан бұрындары көріп жүрген едім. Бапкерлердің тапсырмасын орындап, басым түстім. Бұған қуаныштымын. Бірақ қабағымнан кішкене жарақат алып қалдым. Бұл өзім кінәм. «Аяққа тұрма, еңкейме» деген. Енді 28 қыркүйек күні рингке шығамын. Қарсыласым - өзбек боксшысы Хасонбой Дусматов. Есемді қайтаруға тырысамын.  Олимпиада жолдамасын алуға, Азия ойындарының чемпионы болуға келдім. Сондықтан жеңісіммен елімізді қуантқым келеді, - дейді Сәкен Бибосынов.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от EL.KZ (@el.kz)

Сәкен 1/16 финалда Моңғолия өкілі Орхонтунгалаг Унуболдпен жекпе-жек өткізіп, оны 5:0 есебімен жеңді.

Сәкеннің ендігі қарсыласы 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, 2023 жылғы әлем біріншілігінің жеңімпазы өзбек Хасонбой Дусматов болмақ.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға