Сәкен Бибосынов Азия ойындарынан шығып қалды

Фото: Тұрар Қазанғапов
Фото: Тұрар Қазанғапов
28.09.2023 20:38
856
Қазақ боксшысы Сәкен Бибосынов Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында жеңіліс тапты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Отандасымыз 51 келіге дейін салмақ дәрежесінде 2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы, 2023 жылғы әлем чемпионы өзбек Хасонбой Дусматовпен кездесті. Төрешілер бұл жекпе-жекте жеңісті қарсыласқа берді.
Сөйтіп, Бибосынов Азия ойындарындағы жорығын аяқтады. Сәкен бұған дейін алғашқы кездесуінде моңғолиялық боксшы Орхонту Оноблдты жеңген болатын.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Бәйтерек» холдингі Үкіметке есеп берді
Келесі жаңалық
«Талибан» британиялық қарт ерлі-зайыптыны қамауға алды