Жаңалықтар

«Сәкен аға жау емес». Санжар Тәшкенбай Бибосынов туралы

«Сәкен аға жау емес». Санжар Тәшкенбай Бибосынов туралы
Фото: instagram.com/tashkenbay_sanzhar / instagram.com/sakenbibosinov 13.12.2023 11:21 2944

Әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың жаңа салмаққа өткенін бәріміз білеміз. Жаңа салмақтың қаншалықты қиын болғанын ол «Qazaq Ring» youtube жобасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әр салмақтың өз қиыншылығы бар. 51 кг салмаққа ауысқан соң бірінші күннен бастап жақсы қарсыластар жолықты. Екінші орын алдық. Қарлыстар осал болмады. Финалда Сәкен ағаммен бокстастым. 51 салмақта тағы тәжірибе жинау керек. Тағы жарыстарға шығу қажет. Дәл қазіргі уақытта 53 келі салмақта жүрмін. Әрі қарай тоқтамаймыз, – дейді Санжар Тәшкенбай.

Сұхбат барысында Санжар Сәкен Бибосыновпен қандай қарым-қатынаста екенін айтып, көрерменді мазалаған сауалға жауап берді.

Рингте қарсылас, өмірде аға. Сәкен аға деп сыйлаймын. Рингке шыққанда дайындықпен шығасың. Күліп жүру деген жоқ. Бокстасасың. Жау ештеңе емес. Өмірде аға. Үлгі аламыз. Мықты қарсылас. Сәкен ағаммен рингке шыққанда тәжірибе алдым. Әрине, сын айтатын адам көп. Оған ештеңе дей алмаймыз. Еңбек ету керек. Әрбір жарыс – бұл сабақ, – дейді Тәшкенбай.

Еске сала кетейік, Сәкен Бибосынов 48 келіден 51 келі салмақ дәрежесіне өткен Санжар Тәшкенбайдан басым түсіп, бокстан жазғы VI Спартакиаданың алтынын қанжығасына байлаған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға