Сайт. Оқырман. Редактор.
Интернеттегі аудиторияның портреті мен оның қажеттіліктері қандай?
Қазақ тілінде контент жасаушылардың басын қосу дәстүрге айналғандай. Жыл сайын көтерілетін «Қазақ интернетін сапалы деңгейге қалай көтереміз?» тақырыбы биылғы форумда да сөз болды. Қазақ тілді сайттарды орыс тілді сайттармен салыстырғаннан не ұтамыз? Тақырып маңызды ма, аудитория ма? Қазіргі оқырман қандай, ол қандай ақпаратты қажет етеді? Осы және өзге де сұрақтарды форумға қатысқан қазақстандық сайттардың жетекшілеріне қойған едік.
Маркетинг - маңызды
Ербол Серікбай,
Baribar жобасының негізін қалаушы
Baribar жобасының негізін қалаушы
Оқырмандарды, олардың қажеттілігін анықтауға арналған үш аналитикалық жүйе бар. Олар: google analitics, La vita және yandex metrika. Google analitics жүйесінде ең көп қолданатын қызметі – қазіргі уақытта пайдаланушының әрекеттерін бақылау. Қай ақпарат көп оқылуда, сол туралы деректерді алып отырамыз. Мүмкін болса материалды өңдеп, оқырман сұранысына лайықтап беріп отырамыз. Сонымен қатар оқырмандар портретін көру үшін yandex metrika сервисін пайдаланамыз. Ол жерде жас аралығы, жынысы, географиясы сияқты деректер негізінде қысқаша сипаттамасын жасай аламыз.
Мысалы, біздің сайттың оқырманы 17-35 жас аралығында (оқырмандарымыздың 85%-ын құрайды). Олардың 60 %-ы әйелдер, 40 %-ы ер адамдар. Негізгі аудитория Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары, олар аудиторияның 70%-ын құрайды, қалған бөлігі өңірлерден.
Оқырмандарымыздың 85-90%-ы сайтқа смартфон арқылы кіреді, аз бөлігі ғана desktop нұсқасын пайдаланады. Сайтқа оқырмандардың 80 %-ға жуығы іздеу жүйелерінен, сайттардан кіреді. Яғни нақты бір ақпаратқа қатысты сұранысы болады. Тұрақты оқырмандар – 20 %. Олардың «закладкалары», сілтемелері бар, сайттағы жаңалықты күнделікті қадағалап отырады.

Baribar.kz оқырманының портреті
Аудиторияның өзіне келер болсам, олардың дені орта және жоғары білімді адамдар. Осыдан бірнеше жыл бұрын олар оқушы, студент болса, қазір кәсіби мамандар. Орташа болса да несие ала алатын, төлем жасауға қабілетті аудитория. Олар көбінесе заң сілтемелерін, оның орындалу жолдарын іздейтін адамдар. Ең көп оқылатын тақырыптар - денсаулық, бизнес, кино, спорт. Сонымен қатар соңғы уақытта пәтер алу жолдары туралы ақпарат трендте. Аудитория төлем жасауға қабілетті деп атап өттім ғой, олар енді пәтерді қандай бағдарлама бойынша алуға болатынын, жайлы пәтерді қалай таңдау керек екенін білгісі келеді. Сондай-ақ бұрынғы «Сұрақ-жауап» сайтының контенті әлі де көп оқырман жинайды. Біз кросс-постинг арқылы оларды қазіргі Baribar контентіне бағыттап отырмыз. Әр кірген оқырманды ұстап қалу үшін еңбек етеміз.

Ауылдағы оқырман не оқиды?
Ауыл-аймаққа интернет тарап, өңірлерден де оқырмандар қосыла бастады. Олар не оқиды? Әлеумет тақырыптарына қызығады, сонымен қатар несие қалай алуға болады, қандай бизнес түрлерімен айналысуға болады деген сұрақтарға жауап іздейді. Осыдан бірнеше жыл бұрын табысты кәсіпкерлер туралы мақалалар сериясын шығардық. Көп оқылды. Бизнестегі көшбасшылардың өмірі қызық болатын. Қазір трендте livestyle контент. Қарапайым алматылықтарға қалада болып жатқан мәдени іс-шаралар, аптаның үздік фильмдері сияқты контент өтімді болып тұр.

Маркетингтің маңызы зор
Біздің сайт жаңалықтарды емес, аналитиканы жазады. Мәселен бір оқиға бола қалса, ол қашан, қалай болғаны туралы емес, не себепті мұндай жағдай болғанын жазамыз. Қазіргі оқырманға терең талдау, аналитикалық мақалалар қажет. Құр ұран, айғай, намысқа толы контент емес, салиқалы талдау, пайдалы контент өтімдірек. Осылайша біз оқырманды да ұстап отырамыз, жарнама берушілер үшін де қызықтымыз. Бұрында медиа саласында ұтымды жоба жасау үшін контент жасаушы мен ІТ маманның тандемі қажет болса, қазір маркетологты қосқан жөн. Осы үш маман иесінің бірлескен жұмысы нәтижесінде ғана оқырман сұранысына ие, қаржылық табысты жобаны құруға болады.

Басты проблема – монетизация
Ербол Азанбек,
7kun.kz ақпарат
агенттігінің жетекшісі
7kun.kz ақпарат
агенттігінің жетекшісі
Біз үшін аудитория маңызды. Өйткені, аудиториясыз сайтыңыз жапырақсыз ағаш секілді. Ешқандай құны жоқ дүние болар еді. Тақырыптың маңыздылығын жоққа шығара алмаймыз. Бірақ, біздің басты тұтынушымыз сол аудитория ғой.
Ал аудиторияны қазақ және орыстілді деп бөлу жалпы алып қарайтын болсақ, дұрыс емес. Бірақ біздің Қазақстандағы жағдаймен санаса отырып, осылай бөлуге мәжбүрміз. Бұл екі аудитория өз алдына екі бөлек әлем екенін ескеруіміз керек.

7kun.kz оқырманының портреті
Біздің аудиторияның портретін суреттейтін болсам, ол - қазақ, жынысы –әйел. Жасы 25-45 арасында. Ірі кәсіпкер емес. Көбіне, мұғалім не болмаса дәрігер. Басында кемі бір несие бар. Қаржы саласында ақпарат алғысы келеді. Айлық табысым көбейсе дейді. Сондай-ақ болашақта қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізгісі келеді. Біздің әу бастағы мақсатымыз осы аудиторияға жұмыс істеу болған. Қарапайым адамдардың қаржылық сауатын арттыруды мақсат еттік.

Қазақ сайттарының проблемасы?
Қазақ сайттарының басты проблемaсы – монетизация. Яғни, қаржыландыру. Қаржы болса көптеген сайттарымыз сапалы контент ұсына алушы еді. Мультимедиялық құралдарға қол жеткізіп, сауатты журналистерге жұмыс ұсынып, оқырман сұранысына сай келетін өнімдер шығаруға тырысар еді. Көп сайттың қаржысы жоқ. Штатында бір-екі адам ғана. Шарасыздықтан жан-жақтан көшіріп болсын ресурсын дамытқысы келеді. Түпнұсқаға сілтеме жасамау, авторлық құқықтың бұзылуы дегендер осыдан шығады.

Аудитория - маңызды
Михаил Дорофеев,
Informburo.kz ақпараттық сайтының бас редакторы

Егер қазақтілді және орыстілді аудиторияның қызығушылығы мен сұранысы екі түрлі болатын болса, онда оны бөліп қарастыру дұрыс. Бірақ менің ойымша, біздегі екі тілді аудиторияның бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Себебі, адамдардың негізгі сұранысы бірдей. Оларға қандай да бір бағыт бағдар беретін, пайдасын тигізетін, белгілі бір сұрақтардың жауабын ұсынатын ақпарат қажет. Иә, әр аудиторияның өзіне тән қызығушылығы бар. Бірақ тақырыптың әр алуан болуынан біздің аудитория екі бөлек деген тұжырым жасау дұрыс емес секілді.
Informburo.kz оқырманының портреті
Біз өз жұмысымызды әуелден Қазақстанда тұратын, елде болып жатқан оқиғаларды үнемі бақылап отыратын адамдарға бағыттадық. Жас параметрлеріне келер болсақ, қоғамдық-саяси сайт болғандықтан, біздің оқырман орта жас өкілі. Себебі жастар қоғамдық-саяси тақырыптарға аса қызыға қоймайды. Сондай-ақ, біздің оқырман жоғары білімді әрі отбасылы болса дейміз. Олай дейтінім, отбасы бар, өзінің болашағы осы елмен байланысты адамға елде не болып жатқаны қызықты. Біз сол адамдардың сұранысын қамтуға тырысамыз. Әрине аудитория үнемі біздің параметрлерге сай келмеуі мүмкін, бірақ өз аудиториямызды қалыптастырып жатырмыз деп айта аламын.

Аудитория алдындағы жауапкершілік
Біз адамдар үшін жұмыс жасаймыз, оларға ақпарат беру арқылы қызмет көрсетеміз. Сондықтан бізге аудитория маңызды болуы тиіс. Күн сайын оқырманға қандай жаңалықты ұсынып, қандай тақырыпты көтермейтінімізді шешеміз. Жалпы айтқанда, ақпаратты саралаймыз. Осының өзі біздің аудитория алдындағы жауапкершілігімізді арттыра түседі.

Журналист - бағыттаушы
Жұлдыз Әбділда,
"Ұлан" газетінің редакторы
"Ұлан" газетінің редакторы
"Оқырман қазақша емес, орысша ақпаратты көп оқиды" деген пікір жиі айтылады. Неге? Мысалы, сайтқа кірген бетте көбіне орыс тілді нұсқасы ашылады. Тек таңдау арқылы қазақшаға өтесің. Ал адамдардың біразы қазақшаға өтетін тетікті білмеуі мүмкін. Смартфоннан кіретіндер сол беті оқи береді. Меніңше, аудиторияны орыстілді, қазақтілді деп бөлудің қажеті жоқ, бірақ біздің екі бөлек кеңістікте екеніміз рас, оны жасырып керек емес. Бізде екі тілде де жазатын адамдар өте аз, журналистердің көбі бір тілді, аудитория да соларға қарай бөлінетін сияқты.
"Бәрін бір аудиториямен өлшеуге болмайды".
Бір мысал айтайын, мен қазір "Ұлан" газетінде жұмыс істеймін. Егер балаларға қызық екен деп, күнде "Ninety one" немесе вайнерлер жайлы ақпарат жариялайтын болсақ, онда олар бәріне біржақты қарауы мүмкін. Біз шет елде оқып жатқан, еңбегімен көп жетістікке жеткен балалар жайлы көп жазуға тырысамыз. Себебі, бір бала болсын соны оқып, мен де осылай жасай алады екенмін десе, онда ол біздің мақсаттың орындалғаны. Оның орнына қазір тренд болып жүрген кез келген адамның өмір жолын баяндауға болар еді. Бірақ біздің мақсатымыз ол емес.
Сонымен қатар, қазір бізде аудиторияны Инстаграмдағы жазылушылар санымен өлшейді. Егер Инстаграм "жұлдызы" Фейсбукке келетін болса, ол жерден дәл сондай аудитория жинай алмайды. Демек екі әлеуметтік желідегі аудитория да екі бөлек. Сол сияқты жас жеткіншектер отыратын Вконтактенің аудиториясы да мүлдем басқа. Сондықтан бәрін бір аудиториямен өлшеуге болмайды.

Біздің проблема - қаралым санымен өлшеу. Мысалы zhasorken.kz сайтын алайық. Бұнда балаларға пайдалы материалдар жарияланады. Алайда ол материалдар әрі кетсе 300-500 рет қаралуы мүмкін. Ал кеше бір жұлдыз туралы жаңалық жариялаған едік, ол 1 сағаттың ішінде 2000 рет оқылды. Мен халықты кемсіткім келмейді. Бірақ аудитория бәрібір жеңіл нәрселерге құмар. Ал солай екен деп аудиторияның жетегінде кетуге тағы болмайды. Егер оның жетегінде кетсеңіз, онда сіздің миссияңыз, мақсатыңыз қайда қалады? Сондықтан біз принципті түрде газетімізде сапалы материалды көбірек беруге тырысамыз. Осылайша журналистер аудиторияны бағыттауы керек.

Суреттер qf.kaztrk.kz сайтынан алынды.