Жаңалықтар

Саида Мирзиёева Алматыда балет қойылымын тамашалады

Саида Мирзиёева Алматыда балет қойылымын тамашалады
Фото: instagram.com/saida_mirziyoyeva 18.03.2025 17:04 129

Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёева Алматыда арнайы келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Мирзиёева Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында алғаш рет рет қойылған өзбек қойылымы – «Лазги — Жан мен Махаббат биі» балетінің премьерасына қатысқан. Қойылым премьерасына мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева және Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысқан.

Бұған дейін Қазақстанға сапарымыз барысында осы балетті бауырлас елде көрсетуге ниет білдірген едік. Енді, міне, ол арманымыз орындалды. Мұндай мәдени шаралар өнеріміздің сұлулығын ғана емес, халықтар арасындағы достықты да тереңдете түседі, – деді Мирзиёева.

Президент кеңесшісінің сөзінше, бұл мәдени іс-шара Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бауырластық байланысты нығайтуға ықпал етіп, Орталық Азия елдері арасындағы мәдени, экономикалық және саяси ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Saida Mirziyoyeva (@saida_mirziyoyeva)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға