Жаңалықтар

Сағымбаев ҰҚК алдын алған террорлық актілер туралы айтты

Сағымбаев ҰҚК алдын алған террорлық актілер туралы айтты
Фото: Ақорда 12.07.2024 15:52 624

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев «Kazinform» агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында террористік актілердің алдын алу шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Төрағаның сөзінше, екі террористік актіге жол берілмегенін тілге тиек етті.  

Бірінші террористік акт Ақтауда тоқтатылды. Мұқият жедел зерттеудің нәтижесінде қала тұрғындарының бірі радикалды діни идеологияны ұстанушы ретінде назарға ілінді.

Ол бұрын кісі өлтіргені үшін сотталған. Интернеттегі шетелдік содырлардың үгіт-насихатының ықпалымен мемлекеттік органдардың бірінің ғимаратында жарылыс жасамақ болған.

Қолдан жарылғыш құрылғы жасауға арналған компоненттерді, соның ішінде жанғыш және өзге де химиялық қоспаларды, сондай-ақ зақымдау элементтерін – бұрандамалар мен шегелерді сатып алған. Тінту барысында оның үйінен дайын жарылғыш заттар салынған 4 ыдыс және террористік актіге дайындық фактісін дәлелдейтін басқа да айғақтар табылып, алынды.

Екінші террористік актінің шетелде жолы кесілді. ҰҚК жедел қызметкерлері жоспарланған акция туралы алғашқы мәліметтер алып, ол туралы шетел мемлекетінің тиісті қызметтері дереу хабардар етілді. Бірлескен тексеру барысында материалдар расталып, теріс әрекеттің алды алынды, - деді ҰҚК басшысы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға