Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапармен келді

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
18.04.2024 16:53
1062
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақорда Telegram-дағы арнасына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты елорда әуежайында қарсы алды.
Сурет: Ақорда
Мәртебелі қонақты салтанатпен қарсы алу үшін Құрмет қарауылы сап түзеп тұрды.
Сурет: Ақорда
Сапар аясында ертең жоғары деңгейде екіжақты келіссөздер жүргізіледі және бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.
Бөлісу:
