Жаңалықтар

Садақа мен қайырымдылыққа жиналған ақшалар қалай тексеріледі?

Садақа мен қайырымдылыққа жиналған ақшалар қалай тексеріледі?
Фото: ©El.kz/Арман МУХАТОВ 09.01.2025 17:49 195

Мобильді аударымдар арқылы садақа мен қайырымдылық шараларына жиналған ақша қалай бақыланады? Бұған Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлының айтуынша, қайырымдылық пен садақаға берілетін ақша кәсіпкерлік мақсатқа жатпайды.

Ел арасында мобильді аударымдар арқылы садақа, қайырымдылық және ем-шараларға қаражат жиналады. Бұл кәсіпкерлік мақсатта жиналып жатқан ақша болмағандықтан, ол салықтандыруға жатпайды. Елге көмек ретінде қаражат жинаған адамға хабарлама жолданса, ол оны құжаттар арқылы растай алуы керек. Дәлелі жеткілікті болса, олардан жеке табыс салығы алынбайды, – деді сарапшы.

Айта кетейік, салық туралы хабарлама салық төлеушінің кабинетіне жіберіледі. Ол жерде түсінік беру деген батырмасы арқылы дәлел болатын құжаттарын жолдайды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға