Садақ ату: Қазақстан құрамасы Азия кубогы кезеңінде үш медаль жеңіп алды

Фото: ҚР ҰОК
Фото: ҚР ҰОК
24.02.2025 10:32
138
Садақ атудан Қазақстан құрамасының спортшылары Бангкокта (Таиланд) өткен Азия кубогы кезеңінде үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық мергендер үш рет күміс жүлдеге ие болып, жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Барлық үш медальді блокты садақ ату жарысында жеңіп алды.
Жекелей сында Роксана Юнусова екінші орынға ие болды.
Әйелдер командалық сайысында Виктория Лян, Роксана Юнусова және Аружан Жексенбинова күміс жүлдегер атанды.
Андрей Тютюн мен Виктория Лян аралас жұпта екінші нәтижені көрсетті.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
«Ата жолы» картасы: этникалық қазақтар елге оралды