Жаңалықтар

Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үш әйелінен туған балаларының басын қосты

Сәбит Әбдіхалықов алғаш рет үш әйелінен туған балаларының басын қосты
Фото: instagram.com/sabit_abdykalykov 12.04.2023 10:08 18714

Белгілі актер, режиссер Сәбит Әбдіхалықов ораза айында үш әйелінен туған балаларының басын қосқан, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Ол әлеуметтік желіге жазба жариялап, балаларымен түскен фотосын салған. Суретте бірінші әйелі, әнші Айгүл Иманбаевадан туған баласы Асылжанды, екінші әйелі Алтынай Жорабаевадан туған қызы  Айнара мен үшінші әйелі Динарадан туған екі ұлын байқауға болады.

Ораза қабыл болсын! Аллаға сансыз шүкір. Асылжан, Айнара, Хақназар, Абадан Абдумулиевтер, - деп жазды Сәбит Әбдіхалықов.

Суреттің астына біраз адам пікір қалдырған. Әрине, оқырмандардың ойлары екіге жарылған.

"Өмір ғой енді", "Алла осы пезенттеріңнің рахатын көруді нәсіп етсін бауырым", "Айгүл мен Алтынайдан туған балаларын да отыр екен, дұрыс болған", "Сәбиттің тағдыры солай болған шығар", - деген пікірлер бар.

Актер бұған дейінгі сұхбаттарының бірінде үш әйелі үш рудың қызы екенін де айтып қалған. Оның үш жұбайы да өнер адамдары.Бұрын екі әйелімен шоу-концерттер ұйымдастырған. Енді ондай болмайды деп айтты.

Мен қазір шоу-бизнеске араласпаймынн. Сондықтан үш әйеліммен бірге шоу жасайтын ойым жоқ. Бұрын Айгүл мен Алтынайды шоу жасау үшін, ақша табу үшін бірге алып шықтым. Енді оның қызығы жоқ, - дейді Сәбит Әбдіхалықов.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға