Сабина Тайландқа кете ме?
Қытай интернет тұтынушыларын өз сұлулылығымен таң қалдырған Қазақстан Волейбол Құрама командасының мүшесі Сабина Алтынбековаға Тай волейбол клубы "құда түсті",- деп хабарлайды "Алаш Айнасы" газеті Forbes.kz порталына сілтей отырып.
Тайланд ұлттық волейбол лигасында өнер көрсететін Sisaket клубы 2015 жылы волейболдан Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Сабина Алтынбекованы өз қатарларына қосып алуға ниетті. Sisaket спорт қауымдастығының жетекшісі Сирипонг Ангкасаккулкиаттың айтуына қарағанда, қазақ волейболшысының Тайланд волейбол лигасында өнер көрсетуі үшін клуб 1 миллион тай батынан 10 миллионға дейін (31,3 АҚШ долларынан $313 мыңға дейін) шығындалуға дайын екен.
Бұл мәселеге байланысты клуб өкілдері Сабинаның өзімен және оның отбасымен келер жылы келіссөздер жүргізеді. Десе де қазірдің өзінде клуб жетекшілері Сабинаның Sisaket клубына ауысуы мүмкіндігі 70 пайызға тең келеді деп отыр.
Сирипонг Ангкасаккулкиат Алтынбекованың Тайландта өнер көрсетуіне оның ата-анасы қарсы болуы мүмкін екенін айтады. Алайда, спортшының ата-анасы келісіп жатса, клуб жетекшілері Сабинаны отбасымен бірге Тайландқа көшіріп, ол жақтағы бар шығындарын өз мойындарына алуға дайын.
Sisaket жетекшілері клуб қатарында Сабинаның қосылуы ұжымды мықты етеді деп санайды екен. Дегенмен, мамандар оның спорттық қабілетіне мүлде назар аударып отырған жоқ. Ал, команда жанкүйерлері болса клуб қатарына Сабина Алтынбекованың қосылуы елде волейбол спортына деген қызығушылықты арттырады дейді.
Айта кетейік, бұған дейін Сабина Алтынбекова Тайваньның модель агенттіктерінің ұсынысынан бас тартқан болатын. 17 жастағы сұлу спортшыға ірі сауда орталықтарының, соның ішінде, Breeze Center-дің ресми тұлғасы болуға ұсыныс айтылған, бірақ ол бұл ұсынастан бас тартты.
Волейболдан Қазақстан жастар құрамасының ойыншысы Сабина Алтынбекова Қытай жанкүйерлері мен Интернет тұтынушылары арасында зор танымалдыққа ие болған еді. Тайпейде өткен Азия чемпионатында Сабина көрермендер мен журналистердің назарын бірден өзіне аударған. Табынушылардың айтуынша, қыздың көркі жапон анимесі кейіпкерлеріне ұқсайды. Спортшыға сол кезде түрлі сыйлық тарту етушілер мен сурет арнаушылар көбейіп кетті. Ал әлеуметтік желідегі оның оқырмандары ә дегеннен 200 мың адамнан асты. Кейіннен Қазақстанда да Алтынбекованың (Ақкөл қаласында) фан-клубы пайда болғаны. Мұндай фан-клубтар бүгінгі таңда Қытайда, Оңтүстік Кореяда, Таиланд пен Тайваньда да бар.
Уалихан Қосанбай