Жаңалықтар

Сәби күтіп жүрген немесе жақында ана атанған жұлдыздар кімдер?

Сәби күтіп жүрген немесе жақында ана атанған жұлдыздар кімдер?
Фото: El.kz 22.09.2023 19:36 16406

Биыл шоу-бизнес өкілдері арасында сәби күтіп, балалы болатын жұлдыздардың қатары көбейген. Олар қуанышты жаңалығын бөлісіп, тыңдармандары мен оқырмандарын қуантып жатыр. Аяғы ауыр әншілердің бірқатарына шолу жасап шықтық.

Биыл көктемде шаңырақ көтерген әншілер Ерке Есмахан мен Raim сәби күтіп жүргенін ерекше тәсілмен жеткізді. Жұлдызды жұп бейнебаян түсіріп, ол жерде Еркенің аяғы ауыр екенін көрсеткен.  

Сондай-ақ Ерке гендер пати өткізуге қатысты тыңдармандарының сұрағына жауап берді.

Раим құптамай отыр. Бірнәрсе ұйымдастырайық деп қанша айттым. Әлі де айтып көремін. Бірақ болмайды-ау сол, - деп жазды Ерке Есмахан.     

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Erke Esmahan (@erke_esmahan)

Белгілі әнші Жанар Дұғалова да сәби күтіп жүр. Ол әзірге ресми түрде жаңалығын жарияламаса да, тыңдармандары хабардар болып үлгерді. Алматыда өткен концертте әнші, аяғы ауыр Жанар Дұғалованың өнер көрсеткені елдің қызу талқысына түсті. Әнші босанатын уақыты жақын болғанына қарамастан, сахнаның сәнін келтіріп жүр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Zhanar Dugalova Жанар Дугалова (@zhanar_dugalova)

Әнші Алтынай Жорабаева көптен бері сәби сүюді армандап, енді сол сәттің болатынын айтып, оқырмандарын қуантып қойды. Ол ұл болғанын қатты қалайтынын атап өтті.

Алланың қалауымен, сіздердің ақ тілектеріңізбен, әке-анам, ата-енем, бауырларым, қыздарым мен Алишер екеуіміздің дұғамызбен, Алишер екеуімізге Алла тағалам сәби сүюді нәсіп еткелі жатыр екен, Алишердің қуанғаннан төбесі көкке бір елі ғана жетпей қалды. Негізі 3 жылдай қатты үміттенгенбіз... Содан былтырдан бері үмітімізді үзген едік. Себебі жас та келіп қалды дегендей.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

2022 жылдың күзінде тұрмысқа шыққан Айжан Байзақова екінші сәбиінің есімін кім қоятынын айтты. Танымал блогер гендер-пати жасап, болашақ нәрестесінің ұл бала екенін анықтаған болатын.
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Dance With The Devil (@bayzakova)

Әлеуметтік желіде танымалдыққа ие болған вайнерлер Арман Юсупов пен Карина Оксукпаеваның үшінші сәбиі дүниеге келмек. Блогерлер гендер-пати жасап, болашақ сәбидің жынысын анықтады.
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Карина Оксукпаева (@oksukpaevak)

Жақында жұлдызды жұп Абай Асылхан мен Жәнел Мақажан қызды болды. Олар қызына Мәриям деген есім берді.
 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АБАЙ АСЫЛХАН (@abay.asylkhan)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға