«Сабаққа қоспады»: Айнұр Тұрсынбаеваның курсын сатып алғандар ашуланып жатыр
Фото: instagram.com/aidyn_nury
Фото: instagram.com/aidyn_nury
11.01.2024 11:10
3580
Танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева кезекті марафонын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Ғажайып 2024» марафонына бүгінде 9 мыңға жуық адам тіркеліп үлгерген. Сабақтың құны - 7 мың теңгені құрайды.
Бұл марафонда 2024 жылға мақсаттар жазып, оларды орындау үшін нақты техникалар беріледі, - деп жазған Айнұр Тұрсынбаева.
Алайда, сабақтың ақшасын төлеп, қосыла алмай жатқан қыз-келіншектердің қарасы қалың.
«Ақшасын төледік, ватсапқа қоспады», «Мен де бірінші күні төлегенмін, неге қоспады, бір сағат күттім», «Ақшасын төледік, неге бізді қоспады», - деп жазып жатыр желі қолданушылары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық балуан Гран-приде алғашқы жүлдеге қол жеткізді
Келесі жаңалық
Сарбаздарға ҰБТ-сыз оқуға түсу сертификаты табысталды