Сағымбай ҚОЗЫБАЕВ: "Қалталы алпауыттар БАҚ-қа ауыз сала бастады"
Сағымбай ҚОЗЫБАЕВ, ҚазаҚстан Журналистер академиясының президентi, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
– Қостанай өңiрiнiң жұртшылығы мен қазақтың зиялы қауым өкiлдерiнен Қозыбай əулетi туралы жылы пiкiрлер естимiз. Киелi халқымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң» деген де ғибраты мол мақал бар. Сiз сондай тектi əулеттен шықтыңыз. Əңгiмелерiңiздiң əлқисассасын ұшқан ұяңыздан бастасаңыз.
– Менiң əкем Қабаштың ел арасында беделi зор едi. Көзi ашық, көкiрегi ояу азамат болатын. Ел басына күн туған сонау сұрапыл соғыс жылдары шаруашылық басқарды. Бар тапқан-таянғандарын майданға жiбердi. Өзiнiң қолындағы бар малын сатып, танк колоннасын құруға жұмсады. Өз Отанын сүйе бiлдi. Бiздi де соған тəрбиеледi. Оразалы ағам кеңес заманы кезiнде ел басқарып, Еңбек Ерi атанды. Ал бiз – Манаш ағамыз екеумiз ғылым жолына түстiк. Ол кiсi саналы ғұмырының бəрiн елiмiздiң ғылымын дамытып, халқымыздың тарихын жазуға арнады. Мен əкем мен ағаларым салған iзбен жүрiп келемiн.
– Киелi шаңырақта дəрiс оқып келе жатқаныңызға да отыз жылдың жүзi болып қалыпты. «Шəкiртсiз ұстаз тұл» демекшi, өзiңiз мақтан тұтатын шəкiрттерiңiз бен iзбасарларыңыз туралы айтсаңыз.
– Мен өзi мақтан сүйетiн адам емес едiм. Сұрап қалған екенсiң, айтайын. Əрбiр адам еккен ағашының жемiсiн көргiсi келедi. Ширек ғасырдан астам уақыт бойы осы қасиеттi бiлiм ордасынан мыңдаған шəкiрттер бiлiм нəрiмен сусындап шықты. Олардың барлығы ұлан-байтақ елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнде еңбек етiп жүр. Қай бұқаралық ақпарат құралдарының есiгiн ашпаңыз, алдыңыздан күлiмдеп шəкiрттерiң шығады. Соларды көрiп, бiр марқайып қаласың. Еңбегiңнiң еш кетпегенiне шүкiршiлiк етесiң. Тiптi, базбiр шəкiрттерiм əрiптесiме айналып, осы факультетте дəрiс берiп жүр. Атап айтар болсақ, олар – профессорлар Лəйла Ахметова, Ғалия Ыбраева, Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев, «Понорама», «Казахстанская правда», «Экспресс К», «Новое поколение» газеттерiнiң бас редакторлары Л.Цой, О.Червинский, И.Шахнович, С.Апарин, белгiлi тележурналистер Ерлан Бекхожин, Арманжан Байтасов, Светлана Коковинец, Ерлан Акчалов, тағы басқалар. Бұл тiзiмдi əлi де соза түсуге болады. Бiрақ олардың атын атап, түсiн түстеп жатудың қажетi жоқ.
– Өзiңiз басқарып отырған кафедрадан «Отандық жур-налистика тарихынан» атты журнал шығарып келесiз. Факультеттiң ғылыми журналы бола тұра, бұл басылымды шығаруға не себеп болды?
– Бұл журналды 1997 жылдан берi шығарып келемiз. Ақпарат миинстрлiгiнде заңды түрде тiркелген. Құрылтайшысы – жур-налистика тарихы кафедрасы. Егер байқасаңыз, бiр кафедраның құрылтайшылығымен шығып, бүкiл республикаға тарайтын мұндай ғылыми журнал ТМД елдерiнде əлi жоқ. Бұл журнал бетiнде оқытушылар мен студенттердiң ғылыми мақалалары жарияланып тұрады. Кейде факультетiмiзге еңбегi сiңген, артында мол ғылыми мұра қалдырған ғалым ағаларымыздың мерейтойларына байланысты арнайы нөмiрлер де арнаймыз. Ол санда ғалым ағаларымыздың құнды дүниелерi мен сол мерейтой иелерi туралы тəлiм-тəрбиелiк маңызы зор естелiктер жарияла-нады. Осы уақытқа дейiн факультеттiң iргетасын қалаған, оның алғашқы деканы болған Қайыржан Бекхожин, бiлiктi де бiлiмдi маман даярлауда қажыр-қайратын сарп еткен, бiрнеше моно-графия жазған Тауман Амандосов, Марат Барманқұлов секiлдi ғалым-ұстаздарға арнаған нөмiрлерiмiз жарық көрiп үлгердi. Əрi бұл ғылыми басылымды студенттер, магистранттар мен аспиранттар көмекшi оқу құралы ретiнде де пайдалана алады.
– Қазiр Сiз Қазақстан Журналистер академиясын басқа-рып отырсыз. Бұл академия қалай пайда болды? Ашылғалы берi қандай шаруалардың басын қайырды, негiзгi мақсаты не деген сауалдар төңiрегiнде ой өрбiтсеңiз.
– Академияны ашу туралы ойды ұсынған белгiлi журналист əрi актер Əлiшер Сүлейменов болатын. Оның тұсаукесер рəсiмi 2001 жылы өттi. Бұл ұйымның бүгiнгi таңда беделдi де белдi 40 мүшесi бар. Яғни, бұл мүшелердiң бəрi осы академияның академиктерi деген сөз. Олардың барлығы – егемен елiмiздiң бұқаралық ақпарат құралдарында жемiстi еңбек етiп, сол сала-ның құлағын ұстап отырған кəсiби мамандар. Атап айтар болсам, олар – Дариға Назарбаева, Намазалы Омашев, Жұмабек Кенжалин, Дүкеш Байымбетов, Арманжан Байтасов, тағы басқалар. Ал бұл академияны ашудағы дiттеген мақсатымыз – əлемдiк деңгейдегi ақпарат кеңiстiгiне тəуелсiз мемлекет ретiнде жол салу. Республикалық БАҚ ұсынған жобаларға қолдау көрсетiп, отандық журналистиканы дамытуға ықпал ету. Журналист ма-мандардың беделiн көтерiп, олардың еңбегiн лайықты бағалау болып табылады.
Осы мақсатта бiршама iстер да атқарылды. Үш жылдың iшiн-де елуден астам журналистер мен журналистiк ұйымдарды «Ал-тын жұлдыз», «Алтын самұрық» сыйлықтарымен марапаттадық. Олардың iшiнде «Хабар», «31телеарна», «Таң», «Рахат» секiлдi телеарналар мен «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Айғақ», «Алтын орда», «Астана ақшамы» сияқты басылымдар бар. Ал «Алтын самұрық» сыйлығын марқұм Марат Барманқұлов, Балғабек Қыдырбекұлы, Иосиф Будневич, Дүкеш Байымбетов, Ф.Михаиловтар иемдендi.
– «Алтын жұлдыз» бен «Алтын самұрық» сыйлықтары-ның қандай ерекшелiктерi бар?
– «Алтын жұлдыз» Журналистика академиясының атынан редакция ұжымдарына берiлсе, ал «Алтын самұрықты» академия президентi өзi таңдаған лайықты журналисiне тапсырады. Бұл сыйлықты тағайындар алдында экс Премьер-министр Иманғали Тасмағанбетовпен кеңесiп алған болатынмын.
– Биылғы жүлденi қай уақытта табыстағалы отырсыздар?
– Жылда бiз көктем айларында өткiзiп жүргенбiз. Биыл қыркүйек айында табыс етсек деп отырмыз.
– Қазақстан журналистикасының даму қарқыны қай дəрежеде?
– Қазақстан – бiр мүшелге толған бала сияқты. Буыны бе-кiмеген балаға ауыр жүктi арқалата алмайсың. Сол сияқты бiз-дiң журналистиканы дамыған елдердiң журналистикасымен салыстыруға болмайды. Бiрақ өсу, даму бар. Осыдан он жылғы журналистика мен қазiргi журналистиканы салыстыра аласыз ба? Бiз əлдеқайда iлгерiлеп кеттiк. Ал қазiргi ахуалымызды ТМД мемлекеттерiмен теңестiруге болады. Соңғы уақытта сол мемлекеттердiң кейбiрiне шетелдiк қалталы алпауыттар келiп, солардың БАҚ-тарына ауыз сала бастады. Олардың кебiнiн ертең бiзде киюiмiз əбден мүмкiн.
Сондықтан бiз бас-басымызға би болмай, тiзе қосуымыз ке-рек. Қазiр əрбiр алпауыттың 5 – 6 бұқаралық ақпарат құралдары бар. Олар солардың ғана қамын жеп, күйiн күйттейдi. Əр тiлдi газет өз ауласының шөбiн тазалап, күйiсiн қайырады. Бiр ша-ңырақтың астында ғұмыр кешiп жатқан соң, бiз бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығарып, ортақ проблемаларды шешуге ұмтылуымыз қажет.
– Iлгерiде Қазақстан бойынша журналист мамандарын дайындайтын екi-ақ оқу орны болатын. Қазiр олардың саны 19-ға жетiп жығылыпты. Ұстаз-ғалым ретiнде осы мəселеге орай пiкiрiңiздi айтсаңыз.
– Осыдан 4 – 5 жыл бұрын бiтiрген шəкiртiм Оңтүстiк Қазақстан облысының бiр шалғай ауданынан, дəлiрек айтсақ өз пəтерiнен университет ашыпты. Ал керек болса! Бұған таңдан-бай, бас шайқамай көрiңiз. Мұндай «Ұлы жаңалықтар» басқа да аудан, облыс орталықтарындағы университетсымақтарға тəн. Олар жастарға тиiстi дəрежеде бiлiм берудi ойлап отырған жоқ. Бiлiмдi саудаға салып, бизнес жасап, қу құлқынын толтырудың жолында жүр. Мұндай алаяқтарға дер кезiнде тосқауыл қойылуы тиiс.
– Əңгiмеңiзге рақмет!