С.Я.Киреев және Г.Ф.Кирдищев
Кирдищев Гавриил Федотович 1919 жылы Алексеев ауданындағы Приозерск селосында туған. Содан кейін атаанасымен бірге Петропавл қаласына көшіп келіп, 7 класты бітірді. Петропавл станциясының депосында еңбек етті. 1939 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды.
1944 жылдың шілдесіндегі Кеңес әскерлерінің Белоруссиядағы шабуылдары діттеген жерден шығып жатты. Шілденің 1нде кіші лейтенант Кирдищевтің заставасы Рудница селосында тынығып жатқанды. Майдан алдыңғы жақта, алыста еді. Қалжырағаныңда қиынақ, десе де шекара әскерлерінде қызмет істеу Кирдищев пен оның жауынгерлерін сақтыққа, кез келген жағдайда және кез келген жаумен тайсалмай айқаса кетуге әзір тұруды үйреткен болатын. Күзет орындарын аралап өткен застава бастығы селоға қарай келе жатқан немістер тобын байқап қалды. Шамасы, бір ротадан кем емес, ал Кирдищевтің заставасындағылардың саны – 30. Ұбақшұбақ болып келе жатқан немістер сәлден кейін тізіліп, қоршай бастады.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылдың 24 наурызындағы Жарлығымен күші басым жауды жеңуді қамтамасыз еткен жеке өжеттігі, қайсарлығы мен ерлігі үшін, әскери шеберлігі үшін кіші лейтенант Г.Ф. Кирдищевке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Гавриил Федотович Вильнюсте жерленді. Алексеевка қаласының бір көшесі, мәдениет және демалыс паркі, Вильнюс қаласындағы бір мектептің балалар отряды және Теңіз Флотындағы бір кеме батырдың есімімен аталады.
Киреев Семен Яковлевич 1916 жылы Алтай өлкесіндегі Косихин ауданының Червово селосында туған. 1939 жылы үй ішімен Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданындағы «Чистов» кеңшарына көшіп келді. Онда есепші болып еңбек етті. 1941 жылдың 17 шілдесінде Булаев аудандық әскери комиссариаты Кеңес Әскері қатарына шақырды. Ол кіші лейтенанттар курсын тәмамдады. 1942 жылы майданға кірді.
1944 жылғы маусым мезеті 272атқыштар дивизиясындағы 1061атқыштар полкының взвод командирі лейтенант Киреев әскери қызметте жүрген 7армияның әскерлері Свирь өзенінен өтуге дайындалып жатты.
Алдын ала артиллериядан атқылау басталып та кетті. Бұл кезде өзеннен өткелі жатқан барлаушылар мен жауынгерлердің алғашқы топтарын көзге түсірмес үшін мұндағы жауынгерлер жалған салдар жасап, қайықтарға кісі киімін киген қуыршақтарды отырғызып, немістердің назарын осы жаққа аударуға әрекет жасап жатқан.
– Маған өз взводыммен бірге өзеннен бірінші болып өтуге рұқсат етіңіз, – деді лейтенант Киреев полк командиріне. Тұрақты офицер болып табылатын мосқал командир өз жауынгерлерінің батылдығы мен батырлығына әрқашан сүйінетін ол сымбатты, көзі аспан түстес жас офицерге әкелік мейіріммен қарады:
– Кірісіңдер.
Жауынгерлер қайыққа секіріпсекіріп мініп, ескектерін есе жөнелді. Жылжу қиынға соқты, жау снарядтарының толқыны қайықты қаттықатты шайқалта берді. Міне, өзеннің орта тұсы.
– Қайық тесілді! – деп айқай салды бір жауынгер. Жарықшақ тесіп кеткен қайық суға толып, баяу бата бастады.
Киреев тездетіп көйлегін шешіп алды да, тесікке тықты, сосын барлығы лықсыған суды төге бастады. Жаға таяқ тастам жерде, бірақ қайықты толқын көміп кетті де, суға батырып жіберді.
– Суға секіріңдер! – деп бұйырған лейтенант Киреев оң жақ жағаның топырағын бірінші болып басты. Жағаға шыққан Киреевтің взводы көп немістермен атыса кетті.
Жаулар біздің жауынгерлерді Свирьдің суына батырмақ, бірақ «Отан үшін алға!» деп ұрандап, сарбаздарын соңынан ерткен Киреев қарсыластардың траншеясына секіріпсекіріп түсе қалғанда ондағылар қаша жөнелді.
Киреевтің взводы плацдармға ие болып, бүкіл батальонның өзеннен бөгетсіз өтуін қамтамасыз етті. 1944 жылдың 27 шілдесіндегі Жарлықпен Семен Яковлевич Киреевке Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі тапсырылды.
Ал өзеннен өту жалғасып жатты. Бірінші эшелонның бөлімдері Свирьден аманесен өтіп, плацдарм үшін ұрысқа кірді. Мина іздеушілер салдар мен көпірлерді өзеннің басқа тұстарына апарып, әскери техниканың өтуіне дайын етуге жедел жұмылды. 7армияның соққы беретін тобы ұзақты күн плацдармын кеңейте отырып, онда бекініп алды.
Тасталқан болудан қорыққан фин әскерлері екінші қорғаныс алқабына шегінді. Шегініп бара жатқан олар жолдарға, көпірлерге мина қойып кетті немесе қиратып кетті, сым қоршауларын қалыңдата түсті, атыстарын да үдете түсті.
Жағдай бүкіл күшқуатың мен жігеріңді талап еткен сол бір ауыр күндері лейтенант Киреев ерлік пен қаһармандықтың үлгісі бола білді. Семен Киреев соғысқан жерде жеңілмей қалған жау жоқ. 25 маусымда біздің әскерлер жаудың екінші қорғаныс алқабының нығайтылған торабы мен Олонец қаласын шабуылмен алып, Питкяранта қаласына шабуылды бастады. Фин Әскері салынған қорғаныстардан, көптеген солдаттары мен офицерлерінен және әскери техникасынан айырылғандарына қарамастан, Кеңес әскерлеріне қатты қарсылық көрсетуін қоймады.
1944 жылдың 10 шілдесінде жау қорғанысының маңызды торабы – Питкяранта қаласы алынды. Лейтенант Киреев оны азат ету кезінде ауыр жараланды, шілденің 17нде ауыр жарақаттың салдарынан мәңгілікке көз жұмды. Карелия қаласының қақ ортасында Семен Киреевке орнатылған ескерткіш бар, сол қаладағы бір көше батырдың есімімен аталады, Чистов орта мектебі де батырдың атында.