Жаңалықтар

Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Фото: 24.kz
Сәрсенбіге арналған ауа райы болжамы
08.06.2022 09:04 1449

Сәрсенбі күні 5 өңірде қатты ыстық болады, деп хабарлайды  El.kz «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

8 маусымда Қазақстанның оңтүстік-батысы, солтүстік-батысы, солтүстігі, орталығы және оңтүстік-шығысы циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттардың ықпалында болады. Онымен найзағай, жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі, - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Еліміздің қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік-батыста, солтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Атап айтқанда, Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде өңірдің солтүстігінде, батысында, күндіз басым бөлігінде жел 25 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, дауыл, бұршақ болжанады. Өңірдің солтүстігінде, шығысында желдің күші 25 м/с артады. 

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ, шаңды дауыл күтіледі. Өңірдің солтүстігінде, батысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. 

Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай болжанады. Жалаңашкөл ауданында және облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады. Түнде өңірдің оңтүстігінде, күндіз батысында, оңтүстігі мен шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде өңірдің солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, батыста, солтүстік пен шығыста желдің күші 15-20 м/с артады.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл тұрады. Өңірдің орталығында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстік жартысында, шығысында, Павлодар облысының солтүстігі мен орталығында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Сондай-ақ күндіз Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстары, Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. 

Қызылорда облысының орталығында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Алматы облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында төтенше өрт қаупі болданады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға