Жаңалықтар

СҚО-да жастар лагері өтті

СҚО-да жастар лагері өтті
27.07.2018 05:58 1812

«Біздің күшіміз бірлікте!» — осындай атаумен Солтүстік Қазақстан облысында 24-26 шілдеде жастар лагері өтті, оның басты мақсаты жастарды белсендендіру, оларды өңірдің қоғамдық өміріне тарату болып табылды.

Қызылжар ауданының «Достық» лагерінде 50 адамнан артық кісі жиналды: Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жастар қанаты мүшелері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, облыс аудандарының этномәдени бірлестіктері, жастар ресурстық орталықтары, жастар қоғамдық бірлестіктері және басқалар.

Үшкүндік лагерь қатысушылары үшін қызықты бағдарлама дайындалды ол лагерьді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Әсемгүл Есқожаның салтанатты ашуымен, бағдарламаны ұсынумен басталды.

Бірінші күні жастар отрядтарға бөлінумен, «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» квестімен бастады. Квест аясында Қазақстан Республикасының тарихына, мемлекеттік мерекелерге, тарихи танымал тұлғаларға, естелік орындарға бағытталған білімді анықтау үшін логикалық тапсырмадар орындалды. Барлық берілген тапсырмаларды орындап, жастар өздерінің эрудициясын көрсетті. Квест ойнаумен, олар нағыз команда болды, достық пен мақсатқа қол жеткізуге ұмтылды, бір-біріне көмек көрсетті.

Осыдан басқа, әрбір отряд өздерінің тұсаукесерлерін дайында, сонымен қатар лагерь президенті үшін тұсаукесер дайындады. Командалар өздерінің креативтілігі мен өзіндік ерекшелігін көрсетті, қызықты ұсыныстар мен  идеялармен таң қалдырды. Осылайша, «Біздің күшіміз бірлікте» жастардың жазғы лагерінің президентінің мандаты, жастар министрліктері кабинеттерінің ұсынымдары салтанатты түрде ұсынылды.

Лагердің екінші күні қатысушылардың жеке қабілеттеріне бағытталды. Осылай, олар үшін тренингтер, мастер-класстар келесі тақырыптармен ұйымдастырылды: «Я патриот. Я — бренд. Модернизация сознания», «Гражданский активизм, основанный на правах человека», «Коммуникации в сфере укрепления межэтнического взаимодействия», «Как располагать к себе людей: наиболее важные факторы. КСК (кооперация, ынтымақтастық, алқалылық)». Жаттықтырушылар және спикерлер болды: Максим Касперович, Арсен Әубәкіров, Әсемгүл Есқожа, Рустем Башаров, Күнсұлу Илькенова.

Күннің басты оқиғасы кешкі от жағу болды — бірлік және достық нышаны, ол өзінің жалынды отшашуымен лагерьдің барлық қатысушыларын ұлтына, қызмет түріне, мекен-жайына қарамастан біріктірді.

Үшінші күн аяқтаушы күн болдым: қайтарымды байланыс «ашық микрофон» форматында ұйымдастырылды, оның аясында лагерьге қатысқандар өздерінің алған әсерлерімен және тәжірибиелерімен бөлісті. Осыдан басқа, лагерь қорытындысы шығарылды, қатысқандары үшін сертификаттар берілді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға