Солтүстік-Қазақстан облысында Рухани келісім күні аясында шетелдік жастарға арналып киелі жерлерге экскурсия ұйымдастырылды.
Жыл сайын Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы өңірдегі этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізеді.
«Рухани келісім – тұрақтылық негізі» іс-шарасына қатысуып, диалог алаңы аясында дін өкілдерімен кездесу үшін Үндістаннан келген шетелдік студенттер шақырылды.
Кездесуден кейін іс-шараға қатысушылар «Қызыл Жар» орталық мешітіне, Құдайдың мейірбандық ғибадатханасына және Жаратқан Ие ғибадатханасына экскурсияға барды.
Діни қызметкерлер студенттерді діни мекемелердің тарихымен, өткізілетін мерекелермен таныстырып, діндердің негізгі арналары туралы айтып берді.
