Жаңалықтар

СҚО-да ҚХА-ның мүшелері медальдар мен Құрмет грамоталарымен марапатталды

СҚО-да ҚХА-ның мүшелері медальдар мен Құрмет грамоталарымен марапатталды
13.12.2019 18:34 3262

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында Петропавлдағы Достық үйінде Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының форумы өтті. Оның аясында 2019 жылдың қорытындысы шығарылды.

СҚО-да ҚХА-ның мүшелері медальдар мен Құрмет грамоталарымен марапатталды

Биыл форум аясында ҚХА дамуына ерекше үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі ұйымдастырылды. Осылай, жоғары марапат - Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медаліне «Әзірбайжан мәдениетінің орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Чингиз Курбанов ие болды. «Вайнах» шешен қауымдастығы» ҚБ шешен-ингуш қоғамының төрағасы Саип Байдуев және «Еврей мәдени орталығы» төрағасының орынбасары Эльхан Евдаев «Жомарт жан» төсбелгісімен марапатталды.

«СҚО бойынша күрдтердің «Барбанг» қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Рашид Надиров Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Құрмет грамотасымен, ал «Армян мәдениетінің орталығы» төрағасының орынбасары Светлана Малхасян Алғыс хатпен марапатталды.

СҚО-да ҚХА-ның мүшелері медальдар мен Құрмет грамоталарымен марапатталды

Сонымен қатар, облыс әкімінің алғыс хаттарымен корей орталығының төрағасы Алексей Хан және Мамлют ауданының Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Мәдина Бекчентаева марапатталды.

Қайырымдылық мәдениетін дамытуға және насихаттауға қосқан үлесі үшін Рашбиль Евдаев, Наиль Абраев, Анваршох Амиршоев, Саип Байдуев және Майрамбек Болтуруков марапатталды.

Этномәдени бірлестіктердің белсенділері да назардан тыс қалған жоқ. Олар өздерінің күнделікті еңбегімен, этностардың мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілігімен Қазақстан халқының мәдени мұрасын сақтауға және көбейтуге үлес қосып келеді.

Көптеген жылдар бойы солтүстікқазақстандықтар Нұрсұлтан Назарбаевтың этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлігінің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жобалар байқауы, журналистика саласындағы «Шаңырақ» байқауы, «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы сияқты маңызды жобаларда жүлделі орындарға ие болып келеді. Форум аясында аталған жобалардың облыстық кезеңдерінің жеңімпаздары марапатталды.

Еріктілер жылының символын «Жаңғыру жолы» РЖҚ облыстық штабының төрайымы Роксана Орынбасарованың қолынан СҚО ҚХА еріктілік қозғалысының көшбасшысы Роман Хохловқа тапсырудың салтанатты рәсімі маңызды оқиға болды.

СҚО-да ҚХА-ның мүшелері медальдар мен Құрмет грамоталарымен марапатталды

Осы жылы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының еріктілері жаңа жобаларды жүзеге асыруға, іс-шараларды ұйымдастыруға, мұқтаж жандарға көмек көрсетуге қатыса отырып, өздерінің алғашқы нәтижелерімен көзге түсті. Еріктілердің келесі жылға үлкен жоспарлары бар және оларды жүзеге асыру үшін қажеттің барлығы – энергия, әлемді жақсы жаққа өзгертуге талпыныс, өз Отаны мен оның азаматтарына деген сүйіспеншілік бар.

Форумды өткізу Қазақстан халқының мәдениетін ашатын жарқын шығармашылық нөмірлермен сүйемелденді.

Форум «Аңсар» ансамблінің орындауында патриоттық ән шырқауымен мерекелік салютпен аяқталды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға