Жаңалықтар

СҚО-да бірыңғай медиация күні өтті

СҚО-да бірыңғай медиация күні өтті
06.08.2018 05:58 2599

Медиация — екі тараптар арасындағы даулар мен жанжалдарды сотқа дейін реттеу процедурасы. Қазіргі уақытта осы әдіс өте танымал және тікелей Қазақстан халқы Асамблеясынан қолдау табуда.

Осылайша, ағымдағы жылдың 3 тамызда Бірыңғай республикалық медиация күні аясында Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының медиация Кабинетімен дөңгелек үстел, сонымен қатар азаматтардың қоғамдық қабылдауы өткізілді. Осыдан басқа, осы күн бойы қатысушылар үшін медиацияны дамыту мәселелері бойынша блиц-сұрау ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысына облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының медиация Кабинетінің өкілдері, сот, прокуратура, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар, адвокаттар, нотариустар, еңбек ардагерлері, қоғам қайраткерлері және басқалар қатысты.

Ерлан Айтжанов, Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы «Сот жүйесіндегі медиация» тақырыбына баяндама жасады. Ол өз сөзінде кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қызметінің арқасында сотқа дейін даулар мен жанжалдардың шешілу пайызы артқанын атап өтті.

Өз кезегінде Гүлбахша Мұсабаева, заң ғылымдарының  кандидаты, кәсіби медиатор, Солтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының медиация кабинетінің меңгерушісі, «Кабинет медиации как региональный научно-методический центр развития медиации Северо-Казахстанской области» тақырыбындағы өз сөзінде қоғамдағы осы институттың дамуы туралы айтып берді.

Галина Пехотина, «Северо-Казахстанский Центр Медиации и Права «Содружество» қоғамдық бірлестігі жетекшісі, кәсіби медиатордың сөзі қызықты және танымды болды. Ол «Медиация — универсальная технология урегулирования споров и конфликтов» («Содружество» медиация және құқық орталығы жұмыс тәжірибиесінен) тақырыбымен баяндама ұсынды, ол медиатор жұмысының негізгі принциптері, мақсаттары және міндеттеріне тоқталды.

Дөңгелек үстел соңында медиацияны дамыту және нығайтуға айрықша үлес қосқан кәсіби медиаторларды марапаттау рәсімі өткізілді.

Осыдан басқа, Достық үйі ғимаратының алдында азаматтарды қоғамдық қабылдау өткізілді, онда адамдар өздерінің қызықтыратын мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.

Осылайша облыстың 13 ауданында Бірыңғай республикалық медиация күні өткізілді. Барлығы 38 медиация: оның 5 қалалық, 33 аудандық, 76 кәсіби және кәсіби емес медиаторлар кабинеті қатысты. Барлық азаматтардың саны 457 адам.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға