СҚО-да «Айбын» әскери-патриоттық клубының мүшелері ҚР Ұлттық ұланның Әскери институтында болды

Қазақстандық патриотизмді нығайту, жастар арасында әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру мақсатында 2019 жылы Петропавлдағы Достық үйінің негізінде «Айбын» әскери-патриоттық клубы (ӘПК) ашылды.
Бұл қозғалыстың құрамына ассамблеяның жастар қанатының өкілдері арасынан ерікті жастар да кіреді.
Жаңадан келгендерге арналған маңызды әрі жауапты бұл іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Әскери институтына экскурсия жасаумен басталды.
Жастар музейді аралап, экспонаттармен сондай-ақ, осы бірегей институттың құрылу тарихымен етене жақын танысты.
Сонымен қатар, институт мұражайында атақты ғарышкер Талғат Мұсабаевтың және «На-На» тобының фотосуреттері мен танымал қазақстандық боксшы Серік Сәпиевтің жеңіс қолғабы сақталған.
«Айбын» ӘПК мүшелері үшін нағыз оқиға электронды атыс алаңына бару болды. Онда олар институт түлектерінің әскери дайындықтарын тамашалады.
